
1 наурыздан бастап қазақстандық туристер Грузияға сапар шеге алады
ТБИЛИСИ. Грузия жаңалықтары-ҚазАқпарат - Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили өткен жылдың күзінде енгізілген қатаң карантин шектеулерінің біртіндеп алынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Грузия жаңалықтарына сілтеме жасап.

Ақмола облысында карантин талаптарын бұзғандарға 26,7 миллион теңге айыппұл салынды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында карантин талаптарының сақталуы мониторинг топтарының тұрақты бақылауында. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы орталық саябақта жатақхана салынбайтын болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы маңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студентеріне арналған жатақхана салынбайтын болды. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулы: 27-ші ақпаннан бастап Ақмола облысында қандай шектеулер алынады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 14 ақпанынан бастап Ақмола облысы «сары аймаққа» өтті. Сондықтан, коронавирус инфекциясы бойынша тұрақты эпидемиялық жағдай сақталатын болса, ағымдағы жылдың 27-ші ақпанынан бастап өңірде бірқатар шектеу шаралары алынады.

Коронавируспен күрес: Вакцинаның екінші партиясын жеткізу басталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы соңғы екі апта бойы «жасыл» аймақта тұр. Қауіпті - «қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ. «Сары» аймақта – 5 өңір, яғни Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы бар. Қалған 11 өңір «жасыл» аймақта орналасқан.

Карантин: «Сары аймақта» тұрған өңірлерде сауда үйлері жексенбі күндері де істейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 күн бойы «сары аймақта» болған өңірлерде биылғы жылдың 1 наурызынан бастап жабық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес), сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жексенбі күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Түркістанда жер сілкінісінен сақтануға арналған оқу-жаттығу өтті
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы әкімдігінің ахуалдық орталығының базасында төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, жер сілкінісінен сақтануға арналған оқу-жаттығу өтті. Ауқымды шараға төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдері мен құтқарушылар, өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлері жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда коронавирустың «британдық» штамы тіркелген жоқ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы сарапшысы Нұршай Әзімбаева елімізде коронавирустың «британдық» штамы тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлан Қиясов карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов карантиндік шектеулерді жеңілдету тұрғысында нысандардың ашылуына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарасбай Сүлейменов: Мемлекеттік тіл мәселесі – ардың ісі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік тілді дамыту үшін атқарылып жатқан іс-шаралар аз емес. Қажет қаржы да бөлінді, тиісті жұмыстар да жүріп жатыр. Бірақ, әлі де шешілуі тиіс мәселелер жеткілікті. Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген мақаласында бұл тақырыпқа кеңінен тоқталғаны баршаға мәлім. Қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменовпен әңгімелесіп, мемлекеттік тіл төңірегіндегі ойын білген едік.

Оқу жылы басталғалы қанша балаға коронавирус жұққаны белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы сарапшысы Нұршай Әзімбаева балалар арасында КВИ-дің таралуы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай