
Жезқазғанда Абай туралы спектакльдің премьерасы өтті
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық-драма театрында наурыз айының басында драматург Иранбек Оразбаевтың (Иран-Ғайып) Абай туралы пьесасы бойынша қойылған «Мен ішпеген у бар ма?..» спекталінің премьерасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандылық жастар қазақтың қолөнерімен танысты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Спорт және қолөнер күні аясында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қолөнер шеберлерінің көмегімен бір мезгілде бес шеберлік сабағын өткізді. Олардың барлығы қазақтың дәстүрлі қолөнеріне арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өрт сөндірушілер қар құрсауында қалған жедел жәрдем көлігіне көмек көрсетті
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазған қаласында қалың жауған қар салдарынан науқастарды ауруханаға апара жатқан екі жедел жәрдем көлігі тұрып қалды. Дегенмен өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында жедел көмек бригадасы діттеген жерлеріне аман-есен жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шахматтан Қазақстан чемпионаты ел тарихында алғаш рет онлайн өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық шахмат федерациясы 24-26 наурыз аралығында 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтетіндігін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Моңғолия астанасында «қызғылт сары» деңгей 5 сәуірге дейін ұзартылды
ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат-МОНЦАМЭ – Моңғолияның Мемлекеттік төтенше комиссиясының отырысында ел астанасында даярлықтың «қызғылт сары» деңгейін 29 наурыз бен 5 сәуір аралығына дейін ұзарту жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат montsame.mn-ге сілтеме жасап.

Елорда әуежайында бірқатар әуе рейсі кейінге қалдырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты бір авиа рейс тоқтатылып, тағы бірқатар рейс қосалқы әуежайға жіберілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жоғалып кетіп, гаражда есін жиған қыз»: Жасөспірім оқиғаны ойдан шығарғаны анықталды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда жоғалып кетіп, табылған 12 жастағы қызға қатысты оқиғасының мән-жайы анықталды. Павлодар облысының полиция департаментінде қыз бала асыраушысы ұрысады деп, оқиғаны ойдан шығарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлыбританияда шетелге сапарлауға салынған тыйым шілде айына дейін ұзартылмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британия билігі халықаралық сапар жасауға салынған тыйымды шілде айына дейін ұзартуға ниетті, ал оны бұзғандарға 5 мың фунт стерлинг көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы ҚазАқпарат The Times газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шетелдік журналистер Түркістанда наурыз мерекесін атап өтті
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркітілдес мемлекеттердің тілшілеріне арналған баспасөз туры 20-22 наурыз аралығында өтті. Мажарстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Башқұртстан журналистерін өңірдің көркем табиғаты, бай тарихы мен жарқын мәдениеті, бұрынғы және қазіргі Түркістанды таныстырды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Павлодарда жоғалып кеткен 12 жасар қыз біреудің гаражында есін жиған
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – 22 наурызда шамамен сағат 16:00-де үйінен қоқыс тастауға шыққан 12 жасар Ксения Зорина сол күні үйіне оралмады. Павлодар қаласындағы «VITA» еріктілері шұғыл түрде қыз баланы іздеуге шыққан. Іздеу шараларына полиция қызметкерлері мен кинологтер жұмылдырылды. Қыз бала дін аман табылды. Айтуынша, көшеде есінен танған ол біреудің гаражы әлде жертөлесінде есін жиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алаш қайраткерлері туралы тарихи шындық салтанат құруы тиіс - Мәмбет Қойгелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Егемен Қазақстан газетінде шыққан «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген мақаласында «Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек. Сонымен бірге, осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдар мен жазушылардың да еңбегі қолдауға ие болуы және бағалануы қажет. Алаш арыстарының асыл мұрасын игеру жалғаса беруге тиіс»,-деді. Осы мақалаға қатысты пікір білдірген тарихшы Мәмбет Қойгелді Алаш мұрасын насихаттау жұмыстары қалай атқарылуы тиіс екенін айтты.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай