Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20
Ішкі істер органдарын реформалау қоғам қауіпсіздігін арттырады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде еліміздің Ішкі істер министрлігі құрылымы кең, атқарар қызметі көп құқық қорғау органы саналатындығы белгілі. Ал оның тиімді жұмыс істеуіне қоғамдағы тыныштық пен азаматтардың қауіпсіздігі тығыз байланысты. Сондықтан да қазіргі уақытта ішкі істер органдарында үлкен өзгерістер жасалып жатыр. Жалпы, алғашқы нәтижелер де жаман емес. Елімізде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, ұрлық, бұзақылық, зорлау фактілері азайды. Көшелерде және қоғамдық орындарда жасалатын, бұрын сотталғандармен, кәмелетке толмағандармен, мас күйінде, сондай-ақ қару қолдану арқылы жасалатын қылмыстар төмендеді. Мұндай жағдай соңғы 3 жыл бойы сақталып отыр. Демек, салада жүргізіліп жатқан реформалар өз нәтижесін беріп жатыр деген сөз.
Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме: Қазақстандық экономика моделі қалай пайда болды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ электронды нұсқада «Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» кітабын шығарды. Қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі электронды кітап - 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі соңғы үш онжылдықтағы Қазақстан Тәуелсіздігінің жетістіктерімен тікелей немесе жанама байланысты бірегей оқиғалар альманахы.Спикерлердің көпшілігі тарихи оқиғаның куәгері бола отырып, өздерінің жеке естеліктері мен эмоцияларымен бөліседі, ел дамуының әрбір нақты кезеңінің бұрын белгісіз болған бөлшектерін еске алады. Сонымен қатар, бұл кітапта соңғы 30 жыл ішіндегі экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени процестерді талдайтын салалық сарапшылардың пікірлері келтірілген. Әңгімелерде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаттағы бейнесі ерекше орын алады.«ҚазАқпарат» ХАА оқырмандар назарына осы кітаптан үзінділер ұсынады.
ары қарай
Жоғары қарай