
Алматыда 5 қаңтар күні бұзақылар КамАЗ көлігімен полиция департаментіне басып кірмек болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясының майор шеніндегі жедел уәкілі полиция ғимаратын қалай қорғағанын айтып берді. Полицейдің жеке басы қызмет ету ерекшеліктеріне байланысты жария етілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Серік Жұманғарин: Энергетика министрлігі біздің ұсынысымызды газ бағасы 2 есе қымбаттағанда ғана ескерді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы басым тауар мен жетекші қуат көздерін мамандандырылған электронды алаңда сатудың тәуекелдері көп екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент тапсырмасы: Биржалық сауда-саттық уақытша тоқтатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша биржалық сауда-саттықты жағдай тұрақталғанға дейін уақытша кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үшінші тоқсан басталғаннан бері 145 оқушы коронавирус жұқтырды-Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылы басталғаннан бері Ақмола облысында оқушылар арасында КВИ жұқтырудың 1788 жағдайы тіркелді. Оның ішінде оффлайн режимде-1223 (69 пайыз), онлайн-565 (31 пайыз) жағдай, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіпсіздік кезінде қамауға алынған 31 адам ауруханада емделіп жатыр - ІІМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда болған жаппай тәртіпсіздік кезінде қамауға алынған 31 адам бүгінде ауруханада ем алып жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас прокуратура: Халық жолдаған видеолар оқиғаның мән-жайын анықтауға көмектесіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бірнеше өңірінде болған жаппай бұзақылық кезінде түсірілген бейнежазбалар істің мән-жайын анықтауда септігін тигізуде. Осылайша қарапайым азаматтар жіберген 1500-ден астам бейнематериал зерттеліп жатыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент тапсырмасы: Бейбіт шеруге шыққан, ешбір қылмысқа қатысы жоқ 1083 адам босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алаңдағы бейбіт шеруге қатысып, ұсталып, бірақ ешқандай айыбы жоқ 1083 адам босатылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жас ғалым полиэтилен материалдарына балама әзірлеуде
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Нариман Қайырбековтің бала күнінен ғылымға деген қызығушылығы зор, ынтасы ерекше. Бұған әкесінің белгілі ғалымдардың өмір жолы, еткен еңбегі туралы айтып, химиялық эксперименттерді жүргізіп көрсетуі себеп болған. Бүгінде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде оқитын ол полиэтилен материалдарына балама әзірлеп жатыр. Жас ғалымның бұдан басқа да жобалары көп. Осы ретте ҚазАқпарат тілшісі Нариман Қайырбековпен сұхбат құрып қайтқан болатын.

Алматыда оқ тиген 29 адамды полиция тергеу изоляторына қамап қойған - Бас прокуратура
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Адам құқығын қорғау ұйымы өкілдері мен тәуелсіз құқық қорғаушыларға жаппай ереуіл кезінде ұсталып, қамалған жандармен жүздесуге рұқсат берілді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында бұқаралық спорт қалай дамып жатыр
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында бұқаралық спортты дамыту жоспары аясында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын тұрғындардың саны жыл сайын артып келеді. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 2021 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 5 пайызға артып, 35,7 пайызды (жоспар бойынша-34,3 пайыз) немесе 262707 адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда ветеринария жүйесін реформалау қалай жүріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық ветеринария саласын ауқымды реформа күтіп тұр. Бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігі аталған салаға қатысты проблемаларға талдау жасап, оны шешудің әдіс-тәсілдерін қарап жатыр. Бұл жайында ҚазАқпарат тілшісіне ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарапшысы Алтынбек Үркінбаев тарқатып айтып берді.

Әлихан Смайылов кәсіпкерлерге келген залалды өтеу жұмысын тездетуді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдардың басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы жылдың басынан бері берген тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді. Бұл жайында Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Халық биліктің ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етіп отырғанын көруге тиіс - Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат саласындағы күш құрылымдары мен өкілетті органдар күш-жігерін үйлестіріп, жұртшылық тарапынан түсетін сауалдарға жедел жауап беруге тиіс екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент жекелеген мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік кеңесі, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері басшыларының кеңесі өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Сарапшы: Омикрон штамынан кейінгі антидене дельтадан онша қорғай алмайды
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат - Коронавирустың дельта штамын жұқтырғаннан кейін организмде қалыптасқан антиденелер омикроннан қорғайды, алайда бұл процесс әлсіз жүреді. Бұл туралы ДНКОМ молекулалық-генетикалық зерттеулер ғылыми орталығының негізін қалаушы және бас директоры Андрей Исаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынасқа 30 жыл толды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан мен Моңғолияның арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл толды. Осыған орай ҚазАқпарат Қазақстанның Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі Жалғас Әділбаевпен аз-кем сұхбат құрды.

Қор есебінен бүкіл әлеуметтік мәселені шешу мүмкін емес - «Қазақстан халқына» қорының басшысы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев қорға түскен қаражат есебінен елдің әлеуметтік проблемасын толықтай шешу мүмкін еместігін жеткізді. Сондай-ақ, қор басшысы түсіп жатқан қаржының алдымен қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан халқына» қоры арқылы қаржы жинау салық салудың бір түрі ме - Жәмішев түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев жаңадан құрылған қайырымдылық ұйымының қызметін сынап, күмәнмен қараушыларға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Астаналық кәсіпкер тігін цехын ашып, мүгедек жандарды жұмыспен қамтып отыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында ерекше тігін цехы ашылды. Ерекшелігі сол, ондағы қызметкерлер - мүгедек жандар. Олар тапсырыс бойынша киім-кешек, арнайы және спорт киімін, басқа да көптеген дүниелерді тігеді. Тігін цехының иесі Аягөз Шнейдер де - ерекше жан. Астаналық кәсіпкер ҚазАқпарат тілшісіне жеке кәсіп ашу және оған тек қана мүгедек жандарды жұмысқа алуының мән-жайын айтып берді.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай