Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80
ҚР Президентінің тапсырмасы: Табысы аз отбасылардың балаларына қандай көмек жасалады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табысы аз отбасылардың балаларын қолдау мәселесіне айрықша назар аударуда. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы мен Қазақстан халқына Жолдауында ерекше екпін қойылды. Жалпы, 20 желтоқсан күні елордада өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында осы әлеуметтік бағыттағы қадамдар мен шараларға нақты түсінік берілді. Айта кетейік, бүгінде Президенттің әлеуметтік бастамалары егжей-тегжейлі пысықталып, қоғамда бұл қадамдар кеңінен талқыға түсті. Дегенмен де жұртшылық арасында бұл оңтайлы шараларды түсініспеушілік жағдайлары да орын алып жатады. Осы орайда «ҚазАқпарат» агенттігі кепілдендірілген тәртіпте халықтың осал топтары арасындағы балаларға қандай әлеуметтік көмек жасалатынын көпшілік назарына ұсынуды жөн көрді.
ары қарай
Жоғары қарай