
Бұл референдум барлық демократиялық қағидаттарға сәйкес келеді - Мәжіліс депутаты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Мұсабаев алдағы референдумның мән-маңызы және заңнамалар жүзінде енгізілетін өзгерістер туралы ой бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына 16 млрд теңге жұмсалмақ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл мегаполисте ұзындығы 221 шақырым болатын 224 көше жолдарына орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте бір үйдің үш баласы көлік ішінде тұншығып қалды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қаратау ауданында бір үйдің үш баласы көліктің жүк салатын бөлігіне кіріп, шыға алмай қалған. Екеуі оқиға орнында көз жұмды. Үшіншісі ауруханаға жеткізілгенімен, аман алып қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық олимпиадада жеңімпаз болған оқушыларға ақшалай сыйақы беріледі - БҒМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық пәндік олимпиадада жеңімпаз болған оқушыларға 500-1500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент перзентханасындағы жағдай бақылауда - министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықтың жанындағы жеке дәріхана ғимаратында болған жарылыстан кейін шұғыл шаралар атқарылып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.

Шымкенттегі жарылыстан үшінші адамның қайтыс болғаны хабарланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықтың жанындағы жеке дәріхана ғимаратында болған жарылыстан үш адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.

Шымкенттегі жарылыстан күзетшімен қоса бір нәресте шетінеді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Осыдан небары 18 күн бұрын ғана дүниеге келген сәби үшемнің бірі еді. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, жарылыс кезінде №1 перинаталдық орталықта екі жүзден аса адам болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституциялық реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді. Бұл пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлихан Смайылов «Росатом» басшысы Алексей Лихачевпен кездесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей тарапы Қазақстанның уран өндіру саласына инвестиция салуға мүдделі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Қазақстанға жұмыс сапарымен келген «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесуі барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте жарылыстан кейін перзентханадағы 100-ден астам адам басқа ғимаратқа көшірілді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жарылыс болған ғимараттың жанындағы перзентханадан 100-ден астам ана мен сәби, медицина қызметкерлері басқа ғимаратқа көшірілді. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы Мадияр Жақсыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәдеге жарату төлемін 14 мамырдан кейін жасағандардың төлемі қайта есептеледі
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Кәдеге жарату төлемін 2022 жылдың 14 мамырынан кейін жасағандардың төлемі қайта есептеледі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Telegram каналынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тиімді жастар саясаты - мемлекет беріктігінің басты шарты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңғырудың негізгі күші және Жаңа Қазақстанның жаңару көзі ретінде жастар рөлі ерекше. Қазақстанда жастардың саны 4 млн-ға жуықтады. Бұл өз кезегінде еліміздің әрбір бесінші тұрғыны жас азамат деген сөз. 2000-шы жылдардың ортасында және екінші жартысында елімізде бала туу көрсеткіші күрт өскенін ескерсек, қазір жастардың мәселесіне егжей-тегжейлі мән беру керек екені байқалып отыр.

Биыл еліміз бойынша 920 оқушы республикалық олимпиаданың жүлдегері атанды - министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл жүлделі орындарды еліміздің барлық аймағының 920 қатысушысы иеленді, деп жазды бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан азаматтары референдумға шетелден де қатыса алады - СІМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматтары ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға шетелден де қатыса алады. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

4%-бен автонесие беру нарықтағы көлік тапшылығы мәселесін шеше алмайды - экономист
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда автокөлік бағасы күн санап өсіп жатыр. Мамандар көлік бағасының шарықтауына әлемді жайлаған пандемия мен көршілес елдердегі геосаяси жағдай себеп болып отырғанын айтады. Өйткені әлем бойынша автомобиль шығаратын зауыттардың өндірісі тоқтап, логистика мәселесі біраз қиындық туғызып отыр.

Ата-ана баласының денсаулығын ол дүниеге келмей тұрып ойлаған жөн – педиатрмен сұхбат
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Бүгінгі бала – елдің ертеңгі тірегі, үкілеген үміті. Сондықтан өскелең ұрпақтың білімі терең, дені сау болуы маңызды. Биылғы Балалар жылына орай Шығыс Қазақстан облысының бас педиатры Гүл Құсайыновамен жолығып, әңгімелесіп қайттық.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай