
Қарағанды облысында бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Инфекция жұқтырған адамдарда «қызыл» және «жасыл» мәртебелер қанша уақыт және қандай жағдайларда сақталады? Қарағанды облысының мектептері, колледждері, университеттері мен мектепке дейінгі мекемелері қалай жұмыс істейді?
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына карантин мерзімі бойынша өзгерістер енгізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері карантин мерзіміне бірқатар өзгерістер енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуына шектеу қойылады: Жаңа қаулы
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының аумағында коронавирус инфекциясына байланысты шектеу шаралары мен карантин мерзімін ұзартуға қатысты Бас санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Чехия мен Словакияда қайтыс болған солдаттардың туысы іздестірілуде
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстікқазақстандық ғалым Анатолий Плешаков Екінші дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткен және майдан даласында мерт болған жауынгерлердің туған-туыстарын іздеп жатыр. Оған Чехиядағы әріптестері өз елдерінде жерленген 500-ге жуық жауынгердің тізімін жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада Шу ауданындағы «Nur Otan» ғимаратын өртеуге қатысқан күдікті ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Шу ауданындағы «Nur Otan» ғимаратын өртеді деген күдікпен бір адам ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар ұлттық музыкалық аспаптарды тегін үйрене алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада бір топ мәдениет және өнер саласының қызметкері коронавирусқа қарсы қайта вакцина салғызды. Осы тұста өнер мамандары қалың жұрт вакцина алып, мәдениет мекемелері қызметінің қайта жанданғанын қалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкелері тұрақты өтіп тұрады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 22 қаңтардан бастап апта сайын Алматы қаласының 5 ауданында (Алмалы, Медеу, Бостандық, Алатау, Әуезов) сенбі-жексенбі күндері азық-түлік жәрмеңкелері өтеді. Бұл туралы брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандылық кәсіпорындар әлеуметтік маңызы бар өніммен өңірді толық қамтамасыз етуде
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы өзін әлеуметтік маңызы бар өнімдермен толықтай қамтамасыз етіп отыр. Өңірде 19 атаудың бесеуі – қарақұмық, күріш, өсімдік майы, тұз, қант өндірілмейді: оған климаттық жағдайлар мүмкіндік бермейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 1,5 трлн теңге инвестиция тартылмақ
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 2022-2025 жылдары аралығында 1,5 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуандық Қасымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирустың «омикрон» штамына тән белгілер қандай – эпидемиологпен сұхбат
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, коронавирустың «омикрон» штамын «дельта» штамымен салыстырғанда қауіп деңгейі төмен. Алайда оны жеңіл қабылдауға болмайды. Себебі, коронавирустың жаңа нұсқасы бұрын ауырған және вакциналанбаған адамдарға жұғуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО әкімі «Копай» ауданының қашан сүрілетінін айтты
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы «Копай» ықшамауданындағы ескі жеке үйлер сүріліп, орнына жаңа көпқабатты тұрғын үйлер салынбақ. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап беріп, жұмыстардың қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абзал Әжғалиев пен Екатерина Айдова Бейжіңде ҚР Туын ұстап шығады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шорт-тректен Қазақстан командасының көшбашысы, әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы әрі жүлдегері Абзал Әжіғалиев пен конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионы Екатерина Айдова 2022 жылы Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан Туын ұстап шығады. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«АҚШ пандемиядан бас тартты» - ақпарат фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде АҚШ пандемиядан бас тартты деген ақпарат таратылуда. Видео авторы Америка үкімет COVID-19-дан болған өлім-жітім туралы деректерді жинауды тоқтатты деген мәлімдемеден кейін осындай қорытынды жасаған. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда барлық өнеркәсіп орындары мен базарлар жұмыстарын қайта бастады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда барлық 120 өнеркәсіптік кәсіпорын, 7,7 мың қызмет көрсету нысаны және 51 базар жұмысын қайта бастады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет бәз біреулердің мүддесін көздейтін жекелеген топтардың емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс - Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет бәз біреулердің мүддесін көздейтін жекелеген топтардың емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде жазды.

Үкімет елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін жедел шараларды іске асыруда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттің Үкімет алдына қойған барлық тапсырмасы орындалатынды. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті АҚШ-пен әуе қатынасы туралы заңға қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу туралы келісім ратификацияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Премьер-Министр 40 млрд доллардың импортын алмастыру міндетті туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық бизнестің алдында 40 млрд доллардың импортын жергілікті өніммен алмастыру міндеті тұр. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлихан Смайылов: Алдымызда тұрған ең маңызды мәселенің бірі – макроэкономикалық тұрақтылық
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет ірі бизнес өкілдерімен өзара бірлесіп жұмыс істеуге қашан да дайын. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның ақылы жолдары: бағыттары мен бағасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 23 қарашасында Республикалық маңызы бар жолдардың 7 учаскесінде жол жүру ақысын алу туралы бұйрықтар күшіне енген болатын. Осыған байланысты, өткен жылы ақылыға ауысқан жолдардар, оның жол жүру құны, сондай-ақ ақылы жолдар жүйесінің жүзеге асуырылуы туралы толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының материалынан оқи аласыздар.

Президент ел дамуындағы оң өзгерістер бизнеске байланысты екенін жақсы түсінеді – сарапшы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі бизнес өкілдерімен кездесуіндегі сөзіне пікір білдірді. ҚазАқпарат пікірдің толық мәтінін жариялайды.

Комитет өкілі байларға салынатын арнайы салық туралы сұраққа жауап берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар трагедиясынан кейін ауқаттылар мен қарапайым аддарға салықты саралап салу мәселесі қажет деп ойламайсыздар ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятовқа осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағаның өсуіне қатысты шағымды қайда жіберу керек - Сауда министрлігі түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағаларын қайда қарау және шағымдарды қайда жіберуге болатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жақсылық жасау ұлтымыздың ұраны болуы тиіс – волонтер Әсел Мырзахметова
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде сирек ауруға шалдыққан, сондай-ақ дарынды балаларға көмек көрсетілетінін атап өткен болатын. Осыған орай батысқазақстандық ерікті, облыстық мәслихат депутаты Әсел Мырзахметова ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берді.

Халықаралық рейстерді шектеу «омикронның» таралуына әсер етпейді – Алмаз Шарман
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман коронавирустың «омикрон» штамының өршуі кезінде халықаралық рейстерді шектеу мәселесіне қатысты айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балалар мен жүкті әйелдер арасында коронавирус жұқтырғандар көбейді - инфекционист
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында «Омикрон» штамы ресми анықталған жоқ. Дегенмен қазір өңірде COVID-19 жұқтырып жатқан адамдар саны көбейді. Балалар мен жүкті әйелдер де ауруханаға жиі түсе бастады. Бұл туралы Ақтөбе облысының бас инфекционист дәрігері Мейрамбек Құрманғазин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай