
Елімізде күн сайын 2 әйел жатыр мойны қатерлі ісігінен көз жұмады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы елімізде 1 830 әйелден жатыр мойны қатерлі ісігі анықталды. Жыл сайын 660 әйел осы дерттен көз жұмады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас онколог дәрігері, Қазақ ұлттық онкология және радиология институтының директоры Диляра Қайдарова Instagram парақшасында өткен тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайда мемлекеттік сатып алуды тексеру кезінде 300 млн теңге үнемделді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында мемлекеттік сатып алуды веб-портал арқылы бақылаудың арқасында 300 млн теңге үнемделді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі облыстық департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов журналистермен өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жатыр мойны қатерлі ісігінің асқынуына не себеп болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жатыр мойны қатерлі ісігімен ауыратындар жыл өткен сайын жасарып келе жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас онколог дәрігері, Қазақ ұлттық онкология және радиология институтының директоры Диляра Қайдарова Instagram парақшасында өткен тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда жатыр мойны қатерлі ісігімен ауыратындар жыл сайын көбейіп келеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жатыр мойны қатерлі ісігімен ауыратындар жыл сайын көбейіп келеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас онколог дәрігері, Қазақ ұлттық онкология және радиология институтының директоры Диляра Қайдарова Instagram парақшасында өткен тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арман Жұмабеков Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Арман Дайырұлы Жұмабеков ведомство аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің жаңа қағидаларымен қорғалады – судья
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 1 шілдесіден бастап Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енеді. Оның азаматтарға не беретінін Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Салтанат Шәмшінұрова түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пандемия кезінде кәсіпкерден 14 млн теңге пара алған шенеунік сотталды – Қостанай
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 14 млн теңгені қалтасына басқан Қостанай облысы білім басқармасының қызметкері 10 жылға сотталды. Қылмыстық істің мән-жайын журналистерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі облыстық департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғабидолла Әбдірахымов мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

2020 жылы Қазақстанда 77 мың көлік шығарылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы Қазақстанда 77 431 автокөлік құрастырылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар да бар. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағына сілтеме жасап хабарлайды.
Эверестен шыққан қоқыс арт-нысандарға айналады
КАТМАНДУ. ҚазАқпарат – Непалда Эверестен шыққан қоқыс өнер туындыларына айналады. Осылайша, ел билігі әлемдік қауымдастықты дүние жүзіндегі ең биік таудың рекордтық ластануы туралы ескертуге тырысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда әскерге шақырылғандарды SMS хабарлама арқылы хабардар етеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әскерге шақырылғандарды SMS хабарлама арқылы уақтылы хабардар етуді қолға алынады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінде 2020 жылға әскери қызметке шақыруды қорытындылау барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жатыр мойны қатерлі ісігіне қарсы вакцина елімізге 2021 жылы келеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылды жатыр мойны қатерлі ісігімен күрес жылы деп жариялады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас онколог дәрігері, Қазақ ұлттық онкология және радиология институтының директоры Диляра Қайдарова Instagram парақшасында өткен тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтарға құқықтық кепілдік береді – Думан Сүлейменов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енеді. Кодекс аясында азаматтарға қандай кепілдіктер беріледі? Ол қандай мәселелерді реттейді? ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаменті директорының орынбасары Думан Сүлейменов осы сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мүлік иелерінің бірлестігін қалай құруға болады: Алматы әкімдігі түсіндірді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі заң күшіне енді. Қала тұрғындары ПИК орнына кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысанын, яғни мүлік иелерінің бірлестігін немесе көппәтерлі үйдің жай серіктестігін таңдауға міндетті. Бұл туралы Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Жандос Қайырханов онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл заң жобасының редакциясын кері қайтаруды ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмила Нұрманбетова бүгінде ел ішінде қызу талқыға түскен «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы жайында пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Карантин: Шымкентте қоғамдық көліктердің жұмысы шектелді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының аумағында карантин шектеуін ұзарту туралы қаланың бас санитария дәрігерінің қаулысы шықты. Бұл шара COVID-19 жұқтырғандар саны және вирусты пневмония ауруының өсуіне байланысты қолға алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ирак астанасында екі жарылыс болып, кем дегенде 23 адам мерт болды
БАҒДАТ. ҚазАқпарат – Ирак ішкі істер министрлігінің мәліметіне сенсек, бейсенбі күні ел астанасында екі жанкешті лаңкес жарылыс жасап, салдарынан 23-тен астам адам мерт болған. Кем дегенде 50 адам жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Daily Sabah агенттігіне сілтеме жасап.

Теріс себеппен мемлекеттік қызметтен босатылғандар табысы туралы декларация өткізе ме
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдар кірістер мен мүлік туралы декларацияны мемлекеттік кірістер органдарына тапсыра ма? Бұл сұраққа Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында алимент төлеуден қашып жүрген екі адам қамауға алынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балаларына бірнеше жылдан бері алимент төлемеген екі азаматтың әрқайсының 2 миллион теңгеден астам қарызы бар. Бұл туралы ҚазАқпарат Қостанай облыстық жеке сот орындаушылары аймақтық палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысы: Жастарды қолдау - басты назарда
КӨКШЕТАУ. Ақмола облысында жастарды қолдау мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде. Бұл бағыттағы жұмыс жастарды мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді іске асыру есебінен жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2006 жылғы үлгідегі 2, 5, 10 мың теңгелік банкноттарды айырбастау 1 ақпанда аяқталады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2, 5, 10 мың теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау 1 ақпанда аяқталады. Ұлттық банктің Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай