
«Жасыл» аймақ: Ақтөбеде коронавируспен күрес жұмыстары қалай ұйымдастырылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы қазір «жасыл» аймақта тұр. Ресеймен шекаралас екі ауданда арнайы санитарлық бекет орнатылған, карантиндік стационарлардың жұмысы қалыпты жүріп жатыр. Наурыз айында басталған індет кезінде қанша адам зардап шекті? Коронавирус инфекциясының бірінші толқыны кезінде емдеу шарасы қалай ұйымдастырылды?

Профессор: Коронавирустан емделу үшін үрей мен депрессияға берілмеу керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ерболат Дәленов коронавирустан емделгісі келетін адам ең алдымен үрей мен депрессияға берілмеуі керектігін ескертеді. Оның айтуынша, тиісті ем-доммен қатар адам көңіл-күйін түсірмесе, ауруды еңсеру мүмкіндігі арта түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қожа Ахмет Яссауи» мешітіне 2 мың дана Құран кітабы сыйға берілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кувейт мемлекетінің Қазақстандағы елшілігі мен Азия мұсылмандары комитетінің еліміздегі өкілдігі «Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи» мешітіне 2 мың дана Құран кітабын тарту етті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Елена Ковзель: Тұмаудың COVID-19 вирусымен қабат жұғуы қауіпті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында республикалық диагностика орталығының клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.д. Елена Ковзель коронавирус инфекциясының қауіптілігі туралы айтты. Сондай-ақ қазақстандықтарға аурудың алдын алу бойынша ақыл-кеңесін береді.

Иммунитетті көтеретін сиқырлы таблетка жоқ – дәрігер
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты, дәлелді медицина сарапшысы Рафаиль Қыпшақбаев «Красивый бизнес. Азия» фестивалінде коронавирус инфекциясы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавируспен ауырғанда иіс сезу неге жоғалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты, дәлелді медицина сарапшысы Рафаиль Қыпшақбаев коронавируспен ауырғанда иіс пен дәм сезудің неге жоғалатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алик Шпекбаев: Мемлекеттік аппараттың басты міндеті – азаматтарға қолжетімді қызмет көрсету
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Атырау облысындағы ашықтық, айқындық және есептілік қағидаттарын іске асыру барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында коронавирус инфекциясымен күрес қалай жүрді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау – пандемияның бірінші толқынында науқастар көп тіркелген өңірдің бірі. Осыған орай Мемлекет басшысы Үкіметке Атырау облысына дәрігерлер тобын жіберіп, дәрі-дәрмекпен қамту мәселесін шұғыл шешуді тапсырған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зейнеткерлік жасты өзгерту туралы ақпарат жалған болып шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған Қазақстанда зейнеткерлік жастың өзгертілуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ерлер үшін зейнеткерлік жас - 63 жас, әйелдер үшін бүгінгі таңда – 59,5 жас, одан әрі 2027 жылға қарай 63 жасқа дейін біртіндеп артады.

Коронавирустан кейін ағзаны қалпына келтіріп, иммунитет көтеру үшін не істеу керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясының пандемиясы басталған сәттен бері осы уақытқа дейін елімізде 146 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, оның 130 мыңнан астамы сауығып шықты. Бірнеше мың адам бүгінде ем алып жатса, мыңдаған азаматымыздан көз жазып қалғанымыз тағы бар.

ЕҚЫҰ байқаушылары Кәсіподақтар федерациясының сайлау процесіне қатысуының маңызын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) байқаушылар миссиясының делегаттары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы байқаушыларының республикалық штабында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 621 мыңнан астам адам қатысуда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 11 айында 621,4 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. Ол арқылы 413,7 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 269,2 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Коронавирус қандай ауруларды қоздырады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус алғаш тараған сәтте әлемдік медицина қауымдастығында бұл вирус ауыз, мұрын қуысынан кіріп, тікелей өкпеге өтеді деген ортақ пайым болған еді. Алайда, уақыт өте келе осынау өте қауіпті індеттің ауыз, мұрын қуысы арқылы енгенімен, тамырдың ішкі қабырғаларына орналасу арқылы қан жеткізілетін органның барлығын зақымдайтындығын дәлелдеп отыр.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай