Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20
Оқушының білімі әлде денсаулығы: Таразы басы тең бе НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылының басталуына да санаулы күн қалды. Бұл күн ата-ана үшін де, білім ордасының табалдырығын енді аттайтын балақан мен үш ай демалыста емін-еркін сайран салып, ендігі мектептегі достарын, сыныптастарын сағынған шәкірт үшін де асыға күткен сәт. Алайда, өткен жылдан бері ырық бермей тұрған коронавирус инфекциясы ата-аналардың ғана емес, оқушылардың да көңілін күпті етуде. Иә, вирус ересек адамдарға қарағанда балаларда жеңіл өтеді. Бірақ, қай ата-ана баласының вирус жұқтырып ауырғанын қаламақ? Олардың мектептегі қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілмек? Жалпы, еліміздегі білім ордалары санитарлық-эпидемиологиялық талапқа қаншалықты сай? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатына орынбасары мен комитет төрағасын ерте келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қойға қойылған басты сауалдар осы төңіректе өрбіген-ді.
ары қарай
Жоғары қарай