
Түркістанда бір жасар сәбиін 7 млн теңгеге сатпақ болған әйел сотталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда бір жасар сәбиін сатпақ болған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен жас келіншек 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытай өмір сүруге жарамды планета іздеу жобасын іске қосуды жоспарлап отыр
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың астрономдар тобы CHESS (Closeby Habitable Exoplanet Survey) жобасы аясында ғарышта өмір сүруге болатын планеталар іздеу үшін оптикалық телескоп ұшыруға ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Бақыт Сұлтановтың іссапарға арнайы борт пайдалануының себептері түсіндірілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың іссапарлары көп жағдайда эконом-класспен жүргізіледі. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Банктер 4 пайыздық автонесиенің сақтандыру полисін бірден төлеуді талап ете алмайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан автобизнес қауымдастығының баспасөз хатшысы Станислав О Юн Бем банктер 4 пайыздық автонесиенің сақтандыру полисін бірден төлеуді талап ете алмайтынын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау полициясы Құлсары қаласының экс-әкіміне қатысты іс қозғады
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау полициясы Құлсары қаласының бұрынғы әкіміне қатысты тергеуді бастады. Қазір Қаржау Шарғабаевтың жүрген жерін анықтау іс-шарасы атқарылып жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы денсаулығына байланысты қызметінен кететінін мәлімдеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсеитов денсаулығына байланысты қызметінен кетеді. Ол туралы өзінің Іnstagram парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда қандай тауарларды шетелге экспорттауға тыйым салынған
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Руслан Нұрлыбеков елден қандай тауарларды әкетуге тыйым салынғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші тоқсанда өңдеуші өнеркәсіп пен саудада сұраныс төмендеуі мүмкін – Ұлттық банк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нақты сектордағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнаманың қорытындысы дайын өнімге деген сұранысқа қатысты жағдайдың ауыл шаруашылығынан, тау-кен өнеркәсібі бен құрылыстан басқа барлық салада жақсарғанын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 3 жолайрықтың құрылысы қолға алынды. Бұқтырма көшесі-Құлжа күре жолы, Сейфуллин даңғылы-Жансүгіров көшесі және Саин көшесі-Мөңке би көшесінің қиылысында. Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов нысандардың қашан салынып бітетіні туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеңілдетілген автонесиемен айналысатын қор бәсеке шарттарын бұзды деп айыпталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне «Евразия» СК» АҚ сақтандыру компаниясынан шағым түскен. Онда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның бәсекені шектейтін әрекеттері туралы айтылған. Осыған байланысты агенттік қорға аталған әрекеттерді тоқтату жөнінде ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президентке капиталды жылыстатуға қатысты жұмыс нәтижесі баяндалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің көлеңкелі экономикаға, қаржылық пирамидаларға және елден капиталды жылыстатуға қарсы күрес саласындағы жұмыстардың нәтижесі туралы баяндалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккен бір адамның жағдайы ауыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы ірі көлік апатының салдарынан ауруханаға түскен 4 адамның біреуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы орталық қалалық клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Марат Алматов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан университеттері жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайтып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жоғары оқу орындары жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайтып жатыр. Сондай-ақ университеттер еңбек нарығының сұранысына қарай білім бағдарламаларын әзірлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау-Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбырының жылдық қуаты 2 есе ұлғаяды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Атырау-Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбырының жылдық қуаты 12 млн тоннаға жеткізіледі. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 500 млн адамнан асты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін таңертеңгі мәлімет бойынша әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 524 млн 49 мың 571 адамға жетті. Бұл деректі Америкадағы Джонс Хопкинс зерттеу университеті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Былтыр 3 ірі мұнай операторы бюджетке 7,5 млрд доллар тікелей төлем жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ кен орындарының операторлары мемлекет бюджетіне 7,5 млрд доллар тікелей төлем жасады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай