
Балалар жылы: ШҚО-да кітап оқуға баулу үшін қандай шаралар атқарылуда
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Кітап – білім бұлағы болса, кітапхана – рухани қазына ордасы. Қазіргі технология дамыған заманда балалардың кітапқа деген қызығушылығын ояту аса маңызды болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағаны белгілі. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының директоры Бибігүл Шағиевамен әңгімелесіп, оқушыларды кітапқа баулу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын біліп қайтқан болатын.

Ресейде бір тәулікте 38 мың адам коронавирус жұқтырды
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – ТАСС – Ресейде бір тәулікте 38 850 адам коронавирус жұқтырып, жалпы саны 10 938 861 адамға жетті. Бұл туралы журналистерге бейсенбі күні Жаңа инфекцияға қарсы күрес жөніндегі федералдық жедел штабтан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Тәртіпсіздіктер кезінде Алматы әуежайының қызметкерлері эвакуацияны қалай жүргізді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайының қызметкерлері 5 қаңтарда нысанға бүлікшілер шабуыл жасаған кезде әуежай ғимаратынан адамдарды қалай эвакуацияланғанын және жолаушылардың сол сәтте қандай сезімде болғандары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Жастар ресурстық орталықтары дамытудың нақты орнына айналуы керек - сарапшы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жастар ресурстық орталықтары жастарды дамытудың нақты орнына айналуы керек. Бұл туралы «Jastar: ózekti másele» сараптама алаңында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Жасөспірімдер мен жастарды дамыту бағдарламаларының үйлестірушісі Айгүл Қадырова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері коронавирус жұқтырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака бүгінгі Еуропа чемпионаты финалдық сатысындағы Словениямен өтетін кездесуіне қатыспайды. Коронавирус жұқтырып алған бапкер құрама ойынын онлайн басқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар саясаты саласында екпін қойылатын бағыттарды өзгерту керек - Андрей Чеботарев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жастар саясаты саласында екпін қойылатын бағыттарды өзгерту керек. Бұл туралы «Jastar: ózekti másele» сараптама алаңында «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада мұғалімдер коронавирусқа қарсы ревакцинациядан белсенді өтуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық мектеп мұғалімдері қазір коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациядан өтуде. Педагогтар оқушылардың денсаулығын қорғау үшін, сондай-ақ дәстүрлі офлайн форматта оқуға қайта оралу үшін екпе алудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

ҰҚШҰ Бас хатшысы Тәжікстанға көмек көрсетуді ұсынды
МӘСКЕУ. ТАСС –ҚазАқпарат –ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась бейсенбі күні Ресей Мемлекеттік думасының ТМД істері, Еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитет отырысында Тәжікстанға төнуі мүмкін қауіптің алдын алуға көмек көрсету қажеттігін атап өтті. Бұл туралы ТАСС-қа ҰҚШҰ хатшылығынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда 17 мыңға жуық азамат көктемде әскерге шақырылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде, басқармалары мен бөлімдерінде 2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны алдында жастарды зерделеу жұмыстары басталды. Әскерге 18-27 жас аралығындағы азаматтар шақырылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атырауда 3 адам полицияның жоғалған қаруларын әкеліп берді – Қамза Үмбетқалиев
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 3 адам жаппай тәртіпсіздік кезінде полицияның жоғалған 3 қаруын өз еркімен тапсырды. Ал бір адамнан полиция қызметкерінен тартып алынған Калашников автоматы тәркіленді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Утилизациялық алым: «Жасыл даму» АҚ 100% мемлекеттік ұйым
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жасыл даму» акционерлік қоғамы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады және мемлекеттің қатысу үлесі 100%-ды құрайды. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттік кадр резервіндегі қостанайлық тұрғын әкім болды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Президенттік кадр резервінде болған Арнұр Сартов таяуда Қостанай облысы Алтынсарин ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында қатардағы мемлекеттік қызметшіден қалай әкім болғаны туралы айтып берді.

Маңғыстау облысының әкімі Бибісара Асаубаеваны Әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев шахматтан өткен Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Бибісара Асаубаева мен оның анасы әрі бапкері Лиана Таңжарықованы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз саяси жаңғыруға негізделген бағытымызды ешқашан өзгертпейміз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халықаралық міндеттемелеріне және адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы әмбебап қағидаттарға бейілдігін сақтайды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде жазды.

Банк салымшыларының барлық қаражаты сақтаулы тұр – Қаржы нарығын реттеу агенттігі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта банк салымшылары үшін еш қауіп-қатер жоқ және банк клиенттерінің барлық қаражаты толық сақтаулы тұр. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жастар арасындағы мәселелерді тиімді шешуге ерекше мән беру керек - депутат
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі қаңтар оқиғасы жастар арасында шұғыл шешімді қажет ететін проблема бар екенін көрсетті. Бұл туралы «Jastar: ózekti másele» сараптама алаңында Мәжіліс депутаты Вера Ким айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Несиені кешіру мен кейінге қалдыру шаралары қай санатта қолданылмайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейінгі қолдау шаралары көрсетілмейтін санаттарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет ішкі нарықты азық-түлікпен және экспортпен қамтамасыз ету арасындағы теңгерімді сақтайды - комитет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет ішкі нарықты азық-түлікпен және экспортпен қамтамасыз ету арасындағы теңгерімді сақтайды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкіметтік комиссия Алматы қаласы мен Алматы облысын қалпына келтіру жұмыстарымен танысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр тәртіпсіздіктер салдарынан келтірілген залалды өтеу және қалпына келтіру мәселелерінің барысымен танысу мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысына жұмыс сапарымен барды. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зардап шеккендердің қарызын кейінге қалдырудың 2 нұсқасы ұсынылады – агенттік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасынан зардап шеккендердің қарызын кейінге шегерудің екі түрлі нұсқасы ұсынылады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаңтар оқиғалары: Өртенген автокөліктер шығыны қалай өтеледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев өртенген сақтандырудағы автокөліктер шығыны қалай өтелетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Расул Рысмамбетов елдегі алпауыт компанияларды мемлекеттендіру туралы пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов «Хабар» телеарнасындағы «Большая неделя» бағдарламасында елдегі алпауыт компанияларды мемлекеттендіру туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендердің несиесі 3 ай кейінге шегеріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы банктер тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендердің несиесін 3 ай кейінге шегереді. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысында қысқы ҰБТ 25 қаңтарда басталады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің қысқы кезеңін 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өткізу жоспарланған. Тестілеу барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, үш пунктіде ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай