
Үгіт-насихат науқаны – маңызды кезең
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Үгіт-насихат жұмысы кез келген сайлаудағы маңызды кезең болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кандидаттардың және олардың сенімді өкілдері арқылы сайлаушылармен онлайн және офлайн кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, үнпарақтар тарату жұмыстары осы маңызды кезеңде жүзеге асады.

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Алматының белсенділерімен кездесті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биліктегі партия өкілдері қоғам белсенділерімен, саясаттанушылармен, сарапшылармен, шағын және орта бизнес пен зиялы қауым өкілдерімен, сондай-ақ жас стартапшылармен, ІТ мамандармен, блогерлермен және вайнерлермен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтоты Райымқұлова мемлекеттік наградалар табыстады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында салтанатты іс-шарада мемлекеттік наградаларды табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада карантин режимін бұзған ойын-сауық орындары анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Карантин және шектеу шараларының сақталуын бақылайтын мобильді топтар елорданың бірқатар ойын-сауық орындарында жұмыс режимінің бұзылуын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Головкин: Маған сеніңіздер, келесі жолы керемет айқас болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулының иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жанкүйерлер оның келесі жекпе-жегінен көңілі қалмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Түркияда ауруханада шыққан өрт 8 адамның өмірін қиды
ГАЗИАНТЕП. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркияда сегіз адам ауруханада оттегі аппаратының бұзылуынан шыққан өрттің құрбаны болды. Қайғылы оқиға елдің оңтүстігіндегі Газиантеп қаласында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Aнадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Волонтерлер Отанға қызмет етудің озық үлгісін көрсетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жыл елімізде «Еріктілер жылы» ретінде ресми жарияланды. Бұл он екі айдың оңай болмағаны анық. Волонтерлардың атқаратын күнделікті жұмыс жүгінің өзі жеңіл емес. Ал ғаламды шарпыған пандемия кезеңіндегі қауіппен қоса олардың жауапкершіліктері де артты.

3 мың еріктіге QazCovid-in вакцинасы салынады
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Бүгінгі таңда ҒЗИ отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынаудың I және II фазаларын жүргізді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский кентіндегі ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына (ҒЗИ) барған кезде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық вакцинамен жаппай егу 2021 жылдың наурыз айында басталады
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский кентіндегі ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына (ҒЗИ) барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус өршуі мүмкін бе
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде коронавирус инфекциясына қатысты өңірлердегі ахуал үнемі ауытқып тұр. Мәселен, осы уақытқа дейін «сары» аймақта болған Атырау облысының «қызыл» аймаққа өткен белгілі болды. Ал осыдан бірнеше күн бұрын ғана «қызыл» аймақта жатқан Нұр-Сұлтан қаласы бірден жасыл аймаққа өтіп отыр. Жалпы бүгінде Атырау облысы «қызыл», Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары «сары», ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта жатқаны белгілі.

Қаржы пирамидаларының белгілері қандай, одан қалай сақтану керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әдетте адамдарды қаржы пирамидаларына БАҚ пен әлеуметтік желілерде еш қиындықсыз жоғары табыс табуға болады деген жарналамалар арқылы тартады. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Халық партиясы өкілдері балалардың денсаулығы мәселесін көтерді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Халық партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Олжас Сыздықов пен Ислам Сұңқар ерекше балаларға арналған «Спина бифида» қорының басшыларымен, ата-аналармен кездесу өткізді.

Әлемдік бокс тарихы жылнамасының жаңа парағын аштың - Елбасы Головкинді құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалуымен құттықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

21 желтоқсанда адамзат ерекше астрономиялық құбылысты көре алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 21 желтоқсанда астрономдар мен жұлдызды аспанды сүйетіндер сирек кездесетін құбылысты – Сатурн мен Юпитердің «ұлы қосылуын» тамашалай алады. Бұл туралы ҚазАқпарат euronews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай