
Токио Олимпиадасына іріктеу: Су добынан әйелдер командасы жеңіліп қалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Италияның Триест қаласында су добынан әйелдер командасы арасында Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі басталды. Өкінішке қарай, Қазақстан командасы алғашқы ойында жеңіліп қалды деп хабарлайды Olympic.kz.

Ақмола облысында 1,8 мыңнан астам бизнес жоба қолдау тапты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары ұлғайып келеді. Осы ретте, өңірде «Бизнестің жол картасы-2025» және нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
Түркістан облысында корнавирус вакцинасы алдымен медицина қызметкерлеріне салынады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында корнавирусқа қарсы екпе медицина қызметкерлерінен бастап салынады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық оқушылар өздерінің бизнес жобаларына инвестиция тарта алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Astana Hub технопаркінде оқушыларға арналған «Ozgeris Powered by Halyk Fund» алғашқы онлайн бизнес-инкубаторының қорытындысы шығарылды. Жоба қатысушылары бір айда кәсіпкерлік дағдыларын үйреніп, өздерінің бизнес-идеяларын құрды және өз өнімдерін таныту үшін маркетинг негіздерін зерттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жезқазғанда тағы бір компьютерлік томография кабинеті ашылды
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазғанда МЖӘ аясында көпсалалы аурухана базасында компьютер томографиясының жаңа кабинеті ашылды. Бұл қаладағы бесінші КТ-кабинет. Аппарат тәулігіне 120-ға жуық зерттеу жасай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рудныйда алимент борышын өтеу үшін тұрғынның үйі сатылды
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Рудныйда алимент берешегін өтеу үшін үй сатылды. Жеке сот орындаушысы Александр Қожамұратов алимент берешегін өндіріп алу бойынша үлкен жұмыс атқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы ЖСО өңірлік палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 қаңтардан бастап Қарағанды облысында карантин шектеуі күшейтіледі
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында ауданы 2 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынады, демалыс күндері қалааралық автобустардың қозғалысы тоқтатылады. Осы және басқа да шектеулер 23 қаңтар күні сағат 00:00-ден бастап облыс аумағында енгізіледі, деп хабаплайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда банк, ломбард және басқа да қаржы ұйымдарының жұмыс режимі өзгерді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бүгін қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимін өзгерту туралы бірлескен бұйрық шығарды. Осылайша «қызыл», «сары» және «жасыл» аймақтарда қаржы ұйымдарына келетін адам санына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте карантин кезінде мұғалімдерден жүйелі түрде пара алған директор 8 жылға сотталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте карантин кезінде мұғалімдерден жүйелі түрде пара алған мектеп директоры сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сот отырысында №34 мектептің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министр Абылайхан Оспанов қызметінен босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Абылайхан Есенұлы Оспанов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Президент Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы, белгілі кино актері Әлімғазы Смағұлұлы Райымбековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қазақстан оқушылары халықаралық Жәутіков олимпиадасынан 90 медаль жеңіп алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінде мамандандырылған білім ұйымдарының оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндерінен XVII халықаралық Жәутіков олимпиадасы онлайн форматта өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы, Ресей Федерциясының Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда биылғы Жыл құсы белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан биоалуандықты сақтау қауымдастығы Қазақстанның құстарды қорғау одағымен бірлесіп түрлердің проблемаларына назар аудару үшін жыл сайын «Жыл құсы» ақпараттық науқанын өткізеді. Орнитологтар кандидаттарды ұсынады, ал ҚБСҚ мүшелері жеңімпазды дауыс беру арқылы анықтайды. «Жыл құсы – 2021» бірқазан болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеке табыс салығы салынатын табыстан зейнетақы және МӘМС жарналары алынып тасталмаған - комитет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Юрий Тілеумұратовтың жеке табыс салығын есептеу тәртібіне өзгерістер енгізу кезінде салық қызметкерлерінің жіберген қателері туралы сөйлеген сөзіне қатысты түсіндірме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай