
Мемлекет басшысы пандемиямен күреске арналған дәрі-дәрмек жібергені үшін Үндістан үкіметіне алғыс білдірді
НҰР -СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев пандемиямен күреске арналған дәрі-дәрмек жібергені үшін Үндістан үкіметіне және Премьер-министріне алғыс білдірді, Бұл жайлы Мемлекет басшысы Twitter-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанға Үндістаннан арнайы рейспен ҚР азаматтары және дәрі-дәрмек жеткізілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Үндістанда операциялардың жүргізілуін күтіп отырған Қазақстан азаматтарының өтініші бойынша Үндістандағы Қазақстан Елшілігінің көмегімен ҚР Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктері «SCAT» авиакомпаниясының бортында дәрі-дәрмектер мен жабдық бар арнайы чартерлік рейс ұйымдастырды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жсап хабарлайды.

Махамбет Досмұхамбетов: Бізге тәртіп пен төзім керек
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Ең басты мақсатымыз – адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау. Бізге тәртіп пен төзім керек. Сонда ғана қауіпті инфекцияны дер кезінде ауыздықтаймыз. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау қаласындағы карантин талабының сақталуын тексеру кезінде осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1630 адамға жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 сәуір cағат 22:30-тегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 15 адам тіркелді. Олар Алматы қаласында - 1, Қостанай облысында - 6, Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 7. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкентте 1 мамырға дейін бірқатар шектеу енгізіледі
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте карантин шаралары күшейтіліп, қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімінің орынбасары Орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров бейнеконференция байланыс режимінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Испаниядағы қазақстандық журналист: Мұнда карантин бұзғанға ең төменгі айыппұл 100 еуро
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жыл COVID-19 вирусының дүние жүзін дүрліктіруімен есте қалары сөзсіз. Аталған індеттен айтарлықтай зардап шеккен мемлекеттің бірі - Испания. Бұл ел коронавирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр.Қазақстандағы «Академия стиля» журналының директоры, Испаниядағы «Коста Дель Соль жаңалықтары – Не? Қайда? Қашан?» ақпарат порталының негізін қалаушы, журналист Мәдина Абдрашитова қазір Малага провинциясында тұрып жатыр.

Коронавирус: Қазақстандық ғалым вакцина жасап шығару уақытын айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық биотехнология орталығы генетикалық инженерия зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Александр Шустов коронавирусқа қарсы вакцина қашан жасалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлердің құрметіне үйлердің қасбетіне сурет салынуда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің бейнесі тұрғын үй кешенінің қасбетінде пайда болады. Елорданың шығармашылық қауымдастығы суретті медициналық қызметкерлерге арнап салып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Жедел штабқа сілтеме жасап хабарлайды.

Әке-шешесі жұмыста, балалары ауылда: Полицейлер отбасының бір күні
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Жаһанды жалмаған жұқпалы індетке шалдыққандар күн санап көбейіп келеді. Алайда өкінішке қарай, тұрғындар арасында үйде отырғанның орнына еш себепсіз көшеге шығатындар да кездесіп жатыр. Ал дамылсыз жұмыс істеп жүрген кей отбасыларға балаларымен қауышудың өзі бір арман. Осындай жанұялардың бірі – құқық қорғау органында қызмет ететін ерлі-зайыпты Бейбіт Мұсақанов пен Сана Матанова.

Қазақстандық ғалымдар коронавирустың биологиялық сипаттамасын зерттеуге кірісті - Ерғали Әбдірайымов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отандық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина жасау жұмыстарын қалай жүргізіп жатыр? Жалпы әлемде бұл індетке қарсы вакцина қашан әзірленбек? Осы және өзге сауалдарды Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ерғали Әбдірайымовқа қойған едік.
Ақмола облысында 332 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылмақ
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде 332 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру үшін Ақмола облысына 45 миллиард теңге қаржы бөлінеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тағы 22 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 сәуір сағат17:25-тегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 22 адам тіркелді. Олар Нұр-Сұлтан қаласында - 15, Алматы облысына - 2, Шымкент қаласында - 1, Павлодар облысында - 1, Алматы қаласында - 1, Ақтөбе облысында. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақысыз демалысқа жіберілген қызылордалық тұрғындар 42500 теңге алды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай салдарынан Қызылордада бірқатар мекемелер өз қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болды. Олар мемлекет тарапынан берілген 42500 теңге әлеуметтік төлемге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Ақмола облысында диагностикалық зертхана ашылады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – 20 сәуірде Көшетау қаласында еліміздегі ПТР (полимераздық тізбек реакция)-зертханаларының тағы бірі жұмысын бастайды. Онда кез келген адам коронавирус инфекциясына тест тапсыра алады. Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев аталмыш зертханада болып, оның дайындығын тексерді. ҚазАқпарат бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай