Ақмола облысында омикрон штамын анықтау үшін 30-ға жуық сынама зерттелуде
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында «омикрон» штамын анықтау үшін 30-ға жуық сынама зертханаға жіберілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшылар Еуроодақ елдерінде твиндемия басталғанын болжап отыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сарапшылар Еуроодақ елдерінде ұзақ твиндемия басталғанын болжап отыр. Ресейде бір тәулікте коронавирустан 700-ге жуық адам қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет резерві қаражаты есебінен кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу механизмі бекітілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген залалдарды жою мәселелері жөніндегі Үкіметтік комиссияның кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлайды.

Елорда әуежайында Алматыдағы митингке қатысқан 2 күдікті ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16 қаңтарда «Нұр-Сұлтан» Шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері елорда әуежайынан Ресейге кетіп бара жатқан Қазақстанның 2 азаматын ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирус: Қазақстанда карантин мерзімі қысқаруы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмагамбетова коронавируспен ауыратын науқастардың, симптомсыз және байланыста болғандардың карантинін қысқарту туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қысқы Олимпиада: Қазақстанда спорттың 8 түрінен 82 жолдама бар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 қаңтар күні ақ Олимпиада ойындарына арналған барлық іріктеу және рейтингілік додалар аяқталып, лицензиялардың басым бөлігі үлестірілді. Нәтижесінде Қазақстандық атлеттер спорттың 8 түрінен 82 жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдайдың күші жойылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 қаңтарда жарым түннен кейін, яғни сағат 00:00-ден бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сонымен қатар Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында төтенше жағдайдың күші жойылады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

Бизнеске қатысты барлық тексеру тоқтатылды - комитет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру іс-шаралары аясында кәсіпкерлікті қолдау үшін 2022 жылдың ақпанына дейін бақылау іс-шаралары уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас мүфти Алматыда қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына барды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына барып, көңіл айтты. Бұл туралы мүфтияттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Той-жиынды, негізсіз бас қосу мен қыдыруды уақытша тоқтату керек – Ералы Тоғжанов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың өршуіне байланысты той-жиынды, отбасылық мерекелерді, негізсіз бас қосу мен қыдыруды уақытша тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматыда террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі әлі сақталуда – штаб
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы аумағында антитеррорлық операциялар режимі және террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі әлі сақталуда. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«СҚ-Фармация» қоймаларына «Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы жөнелтілді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды фармацевтикалық кешені «СҚ-Фармация» хабтарына коронавирусқа қарсы бір компонентті «Спутник Лайт» препаратының 150 мың дозасын жіберді. Препарат Ресей Федерациясынан жеткізілді және ревакцинацияға арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуропа чемпионатының мұз айдынында Димаштың орындауындағы ән қойылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлем чемпионы Анна Щербакова мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионатында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Аве Мария» композициясына өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews сайтына сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай