
Атырау облысында заманауи отбасылық амбулатория пайдалануға берілді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күніне тарту ретінде Атырау қаласының іргесіндегі Ақсай ауылында заманауи үлгідегі отбасылық амбулатория ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы бастамасы: Таразда ерекше балаларды оңалтатын орталық ашылды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» онлайн-форумы барысында Жамбыл облысында даму ерекшелігі бар балаларға арналған оңалту орталығының ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полициясында 10-нан астам Тәуелсіздік құрдасы еңбек етіп жүр
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Еліміз Тәуелсіздік алған жылы дүние есігін ашқан сәбилер бүгінде 29-ға келді. Орда бұзар отызға таяған жастар өздері қалаған мамандығын меңгеріп, туған өлкесінің дамуына үлес қосып жүр. Оның ішінде құқық қорғау органында еңбек етіп, халықтың қауіпсіздігін күзетіп жүргендер де аз емес. ҚазАқпарат тілшісі бірқатар Тәуелсіздік құрдастарымен тілдесіп қайтқан еді.

Желтоқсаншы: Тәуелсіздік – қасиетті ұғым, біз оны құрметтеуіміз керек
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– «Желтоқсан қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Нұрлыбек Қуанбаев алматылықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мереке күндері Жезқазған тұрғыны той жасап, оған 50 қонақ қатысқан
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Санитария дәрігерлерінің бірнеше рет айтылған ескертуіне қарамастан кей адамдар өздерінің ғана емес, жақындарының да денсаулығы мен қауіпсіздігіне бейжай қарап отыр. Бұл жайды коронавирусқа қарсы ведомствоаралық комиссияға слітеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Римде Абай мәдени орталығы ашылып, ақын шығармалары итальян тілінде жарық көрді
РИМ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күніне орай Қазақстанның Италиядағы елшілігінде Абай ақпарат-мәдени орталығының ашылу салтанаты, сондай-ақ қазақ жазба әдебиетінің негізін салушысының поэмалары мен «Қара сөздері» жинағының тұсаукесері өтті. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Мұхтар Кәрібай: Ұлы даланың жеті қырын таныту - парыз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің алғашқы жылында-ақ арыстарымыздың аманатын орындау, Абайдың қалың елі қазағының дүниежүзілік қоғамдастықтағы өз орнын алуы, тағдыры терең Ұлы даланың жеті қырын таныту міндеті тұрды. Мұндай пікірді дипломат, публицист Мұхтар Кәрібай білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Грузияда коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты
ТБИЛИСИ. Грузия жаңалықтары-ҚазАқпарат - Грузияда соңғы тәулікте 2 981 адам коронавирус жұқтырды. Бұл жайында ведомствоаралық үйлестіру кеңесіне қарасты шұғыл штаб басшысының орынбасары Бердия Сичинава брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Грузия жаңалықтарына сілтеме жасап.

Шет елде жүргенде жерімізді, тілімізді, туымызды мақтан тұтамыз - акробат-гимнаст
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Тәуелсіздігіміздің құрдасы Әділет Тиқанов Алматы циркінің әртісі. Жас акробат-гимнаст түрлі халықаралық фестивальдерге қатысып, Қазақстанның мақтанышына айналды. Ол барша отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, алдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сан-Франциско қаласының бас ғимаратында Қазақстан туы көтерілді
САН-ФРАНЦИСКО. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай АҚШ-тағы Сан-Франциско қаласының әкімшілік ғимаратында әнұранның сүйемелдеуімен еліміздің мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шикізатты өңдеу: «Nur Otan» партиясының үміткері тұрғындарға бизнес идеяларды іске асыру жолын ұсынды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әкімжан Есенаманов Мұғалжар ауданының тұрғындарымен онлайн кездесті. Ауыл халқының өтініш-тілегін тыңдап, қарапайым ғана құрт, сүзбе жасап, табысқа кенелудің қыр-сырымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіподақтар федерациясы сайлауда байқаушы болатын 7 мыңнан астам азаматтың тізімін жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында байқаушы болатын 7 мыңнан астам азаматтың тізімін жасады. Федерация төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешевтің айтуынша, бүкіл сайлау процесі заң шеңберінде өтуі керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайтыс болғаннан кейінгі ағза донорлығына қалай өтінім беру керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін ағза донорлығына келісімді немесе келіспеушілікті электрондық форматта беруге болады. Қазақстанда қанша адам осы рәсімге мұқтаж және кімдер донор бола алмайды деген сұрақтарға А. Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы АҚ Басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай