
Оңтүстік Корея Алматыға коронавирусты анықтайтын ПТР тестілер жеткізді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сеулдегі Елшілігінің қолдауымен Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Medical Partner Korea медициналық клиникасынан COVID-19 індетін анықтайтын 1 мың дана медициналық тестін сыйға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының Сарыөзек кенті карантинге жабылады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Коронавирус инфекциясының бірнеше дерегі тіркелуіне байланысты індеттің таралуына жол бермеу мақсатында Алматы облысындағы Кербұлақ ауданының Сарыөзек кенті карантинге жабылады. Осыған сай ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Ешкеновтың қаулысы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан шетелдіктердің елде визасыз болу режимін уақытша тоқтатты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметі елге келуші азаматтардың 72 сағаттық визасыз режимін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды primeminister.kz. Бұл туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі №220 Қаулысында жазылған. «ҚазАқпарат» ХАА оқырман назарына құжат мәтінін ұсынады.

Жамбыл облысында коронавирустан жазылып шыққандар 6 адамға жетті
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Бүгін Жамбыл облысының үш тұрғыны коронавирус инфекциясынан жазылып, үйлеріне шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабына сілтеме жасап.

Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаев өмірден озды
ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының жұртшылығы, зиялы қауым ауыр қазаға душар болды. Саналы ғұмырын облыстың экономикасы мен әлеуметтік дамуына арнаған абзал азамат, Ордабасы ауданының әкімі Өсербаев Әліпбек Шәріпбекұлы 58 жастан асқан шағында мезгілсіз дүниеден озды.

20 сәуірден бастап елордада қандай кәсіпкерлік субъектілері жұмысын жандандырады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмурзаев қалада қызметі рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

42500 теңге ертеңгі күнге деген сенімді нығайтты - Қадыр Қасымжанов
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласының тұрғыны 61 жастағы Қадыр Қасымжанов 42500 теңге жәрдемақыға қол жеткізді. Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған ол құжаттар қалай рәсімдегенін және алған ақшасын қайда жұмсағаны туралы ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

40 мың алматылық маскамен қамтамасыз етіледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Пандемияға байланысты Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен партияның Алматы қалалық филиалы халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау үшін бірқатар кешенді шара ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа телефон арқылы есеп берді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлесу барысында Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу, сондай-ақ карантин режимін қамтамасыз ету және әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
42 500 теңге алған Алматы облысының тұрғындары алғыстарын білдіріп жатыр
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Коронавирус індетіне байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай табысынан айырылған тұрғынның бірі Ералы Көпжасаров. Алакөл ауданының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Карантин кезінде биліктің барлық әрекеті дұрыс әрі нақты болды - Ермұхамбет Ертісбаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президентінің бұрынғы кеңесшісі, саясаткер әрі дипломат Ермұхамбет Ертісбаев елімізде енгізілген төтенше жағдай режиміне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда ең қажетті азық-түлікке шекті баға қойылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қала тұрғындарын азық-түлікпен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 7 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа тұрақтандыру қоры толықтырылады, деді ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағы 210 мың мұқтаж отбасы «Birgemiz» қорынан қаржылай көмек алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің отырысында төтенше жағдай кезінде тұрғындардың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына одан әрі көмек көрсету тетіктері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат nurotan.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыдағы жұмысына оралатын облыс тұрғындары 14 күн карантинде болады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматыдағы жұмысына оралатын облыс тұрғындары 14 күндік карантинде болуы керек. Бұл туралы Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда коронавирус бойынша тесттен өтуге міндетті адамдар санатының тізімі кеңейтілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус инфекциясы бойынша тесттен өтуі тиіс адамдар санатының тізімі кеңейтілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Айжан Есмағамбетова: Елдегі ахуал әр өңірдегі карантин тәртібін қатаң сақтауға мәжбүрлейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова кей өңірде коронавирус жұқтырғандардың санының азаймай, тіпті өршіп бара жатқанына байланысты халықты тағы да карантин тәртібін қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда карантин кезінде қай сала көп зардап шекті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда карантин кезінде бәрінен көтерме және бөлшек сауда саласы көп зардап шекті. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте бір аптада байланыс орталығына 90 мыңнан астам тұрғын хабарласқан
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте «Азаматтарға арналған үкіметтің» 1414 бірыңғай байланыс орталығының байланыс нөміріне бір аптаның ішінде 90 мыңнан астам адам хабарласқан. Тұрғындардың қоңырауын тәжірибелі және дайындықтан өткен 144 маман қабылдап, мемлекеттік қызметтер бойынша кеңестерін берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай