
ҚазАқпараттағы онлайн-концерт: Хомусшы Юлияна Кривошапкина өнерімен тәнті етті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпараттың Youtube арнасында Саха (Якутия) Республикасының танымал дәстүрлі әншісі, әлемнің виртуоз-хомусшысы Юлияна Виссарионовна Кривошапкинаның (сахнадағы аты Дьүрүйээнэ) үйдегі онлайн концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Каспий жағалауынан өлі итбалықтар табылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін жергілікті тұрғындар Маңғыстау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясына итбалықтардың қырылып жатқаны туралы мәлімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметке сілтемемен.

Нұр-Сұлтанда 692 медицина қызметкері қонақ үйге орналасып, қызметін атқаруда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша елордада коронавирус инфекциясы алғаш тіркелген сәттен бастап 48 нысан карантинге жабылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ерлан Мұратов Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды аталған комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Коронавирус: Елордада 20 мыңға жуық адам диагностикадан өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова ЖРВИ белгілері бар немесе тыныс алу жолдары бойынша қандай да бір аурудан сезіктенген азаматтарды тексеруден өтуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада екі күнде 34 адамның коронавирусты қайдан жұқтырғаны белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, соңғы екі күнде елордада коронавирусты жұқтырған 34 адамның 18-і «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТЖ кезеңінде мүгедектер бұрын белгіленген топ бойынша жәрдемақы алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайта куәландыру мерзімі 2020 жылғы 15 ақпаннан кейін келген барлық азаматтарға мүгедектік мерзімін төтенше жағдай кезеңіне автоматты түрде ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысында фермерлердің блокпосттардан өтуіне өтініштерін тіркеу жүйесі енгізілді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында фермерлердің блокпосттардан өтулері үшін рұқсат алу өтініштерін тіркеу жүйесі енгізілді. Өңір ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бұл жүйенің артықшылықтарын жоғары бағалауда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Jas Otan волонтерлері 5 миллион масканы тегін таратуды бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұқтаж отбасылар Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорынан тегін маскалар алады. Бірнеше күннің ішінде «Jas Otan» еріктілері Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 100 мыңнан астам отбасына жеке қорғаныс құралдарын жеткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Nur Otan партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбылда 42500 теңгелік әлеуметтік көмек 161 мыңнан астам азаматқа тағайындалды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 42500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік жәрдемақы 161 мыңнан астам азаматқа тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыда волонтерлер қарттар мен көпбалалы отбасыларға азық -түлік жеткізуде
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Қызыл Жарты Ай волонтерлері қарттар мен көпбалалы отбасыларға азық -түлік пен дәрі-дәрмек, ал «Ана-Мама» қорының мүшелері медицина қызметкерлері мен қарияларға ыстық тамақ әзірлеп, жеткізіп беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысының мәдениет қызметкерлері онлайн концерттер өткізіп жатыр
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысының тұрғындары да сақтық шараларын ұстанып, үйлерінде отыр. Осы жайтты ескерген өңірдегі мәдениет саласының қызметкерлері онлайн концерттер ұйымдастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда жаңа вирусологиялық зертхана ашылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша қосымша вирусологиялық зертхана ашылды. Онда ПТР әдісімен (полимеразды тізбекті реакция) COVID-19 болуына талдау жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықсыз ешқандай экономика болмайды - Қасым-Жомарт Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада әскери жиынға шақырылған аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Түркістан облысындағы блокпосттарда психологтар мен еріктілер арнайы тренингтер өткізді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы блокпосттарда психологтар мен еріктілер арнайы тренингтер өткізді. Бір айдан астам уақыт аралығында тәулік бойы кезекшілікте жүрген полиция мен медицина қызметкерлеріне, әскерилерге психологиялық қолдау көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда ШОБ субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы әзірленді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігімен бірлесіп шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын әзірледі. Бұл туралы аталған агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков брифинг барысында айтты.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай