
Зейнетақыны пайдалану: 20 мың өтінім беруші баспананы ипотекасыз сатып ала алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім берген 80 мың адамның 20 мыңы баспананы ипотекасыз, тікелей сатып алған. Бұл туралы «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында жолаушыны заңсыз тасымалдаушылар 30,3 млн теңге айыппұл төледі
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында заңсыз жолаушы тасымалдаушылармен күрес жүргізу үшін жалпы 434 рейд өткізіліп, 1605 әкімшілік хаттама толтырылған. Нәтижесінде 30,3 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанат Исламның келесі қарсыласы туралы не білеміз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша International титулының иегері, жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) ұзақ үзілістен кейін рингке қайта оралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат boxingscene сайтына сілтеме жасап.

Илон Маск байқауының финалисі Санжар Тайжан министрге электромобилін таныстырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов америкалық бизнесмен Илон Маск ұйымдастырған Not-A-Boring Competition байқауына қатысушы Санжар Тайжанмен кездесті. Өнертапқыш министрге өзінің жаңа жобасы – қазақстандық электромобильді таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зейнетақыны пайдалану: Қарызын ерте жапқысы келгендер айыпақы төлеуге міндетті ме
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жекелеген қазақстандықтар зейнетақының бір бөлігін пайдалану арқылы тұрғын үй ипотекасының негізсі қарызын жабу кезінде банкке айыпақыны төлеуге міндеттелген. Бұл мәселенің анық-қанығын «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зейнетақының бір бөлігін үлескерлік құрылыста қалай пайдалануға болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Зейнетақының бір бөлігін үлескерлік тұрғын үй құрылысы үшін қалай пайдалануға болады? Салымшылар бетпе-бет келген бұл мәселенің мән-жайын «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теннис: Елордада ATP Challenger Tour сериясында халықаралық турнирлер өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 21-28 ақпанында және 28 ақпан мен 7 наурыз аралығында елордада теннистен ATP Challenger Tour сериясы аясында «FORTE CHALLENGER 100» және «FORTE CHALLENGER 125» халықаралық турнирлері өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында 52 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында баспана кезегінде 51 800 адам тұр. Ал жер алуға 154 200 адам өтініш берген. Бұл жөнінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қоғамдық кеңес өкілдері алдындағы есебінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын құру: ҚР Үкіметі мен ЮНЕСКО келісіміне қол қойылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру туралы келiсiмді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.

ЕАЭО және Сербия арасындағы еркін сауда келісіміне қатысты ҚР заңына қойылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Құпия ақпарат және жауаптылық туралы ЕАЭО келісіміне Армения қосылды: Тоқаев заңға қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Мемлекет басшысы ЕАЭО туралы шартқа өзгеріс енгізетін ҚР Заңына қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

ҚР Президенті нотариат мәселелері бойынша ҚР заңына қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Астанада 4 балабақшаның салынбауына инвестордың өмірден озуы себеп болуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында салынуы тиіс 4 балабақша құрылысының басталмауына польшалық инвестордың өмірден озуы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дулат Шоғанбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында білім мекемелеріндегі асханалар жұмысына рұқсат берілді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында мектеп, колледж, университет ғимаратында орналасқан асханалардың жұмысына рұқсат берілді. Бүгін өңірде бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенаторлар 8 заң жобасын әзірлемек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды. Онда депутаттар 2021 жылғы 18 ақпанда өтетін Сенаттың алдағы отырысының күн тәртібін талқылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысында білім саласына компьютер сатып алуға 12,3 млрд теңге бөлінген
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында білім саласына 80 мың компьютер сатып алу үшін 12 млрд 300 миллион қаржы бөлінген. Оның 8,3 млрд теңгесі – республикалық, 4 млрд теңгесі – жергілікті бюджет қаражаты. Бұл жөнінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қоғамдық кеңес өкілдері алдындағы есебінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана автобустарында тегін жүретіндердің карталарына сараптама жүргізіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов әлеуметтік аз тамтылған топқа кіретін тұрғындардың қоғамдық көлікте тегін жүру карталарының пайдаланылуына сараптама жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алуа Серікқызы Жолдыбалина ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аз қамтылған елорда тұрғындары автобуста тегін жүруі үшін 3 млрд теңге бөлінеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұлғалар қоғамдық көлікте тегін жүруі үшін 3 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Илья Скуб айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әрбір арыздың артында адам тағдыры, ондаған, тіпті жүздеген адамның мүддесі тұр – Қасым-Жомарт Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әрбір арыздың артында адам тағдыры, ондаған, тіпті жүздеген адамның мүддесі тұр. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасының басшылық құрамымен кеңес өткізген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы арыз-шағымдарға арналған бірыңғай платформаны уақытылы іске қосуды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтардың арыз-шағымдарына арналған бірыңғай платформа уақытылы жұмыс істей бастауы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасының басшылық құрамымен кеңес өткізген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бақылаушы органдар болмашы себептің соңын нағыз репрессияға айналдырып жіберетін жағдайлар жиі кездеседі – ҚР Президенті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бақылаушы органдар болмашы себептің соңын нағыз репрессияға айналдырып жіберетін жағдайлар жиі кездеседі. Бүгін ҚР Бас прокуратурасының басшылық құрамымен кеңес өткізген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай