
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ресми ақпараты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде және бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында ҚазҰУ басшылығы тарапынан университеттің жер учаскелері жеке тұлғаға сатылғандығы жөнінде ақпарат жарияланды. Бұған дейін университет осы мәселе бойынша жұртшылыққа өз ұстанымын ұсынды және қандай да бір заңсыз әрекетке қатысы жоқ екендігін ресми түрде жоққа шығарды.

Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 2021-2025 жылдары облыста шамамен 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, соның 1,1 млн. шаршы метрі «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында іске асырылады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саяси реформалар Қазақстанда эволюциялық жолмен дамып келеді - тарихшы
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры Рахым Бекназаров ҚР Президентінің жетінші шақырылымдағы Парламент сессиясында айтқан саяси реформалар туралы ойына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы Ақтау кентінің ауруханасында цифрлық рентген аппараты пайда болды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Ақтау кентінің ауруханасында қазір цифрлық рентген аппараты жұмыс істейді. Ең жаңа заманауи жабдықтар Ақтаудың мүмкіндігі шектеулі науқастарына зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семей қазандықтары арнайы тексеруден өтеді
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Жаңа жылдан кейін шығыс қаһарына мінген сарышұнақ аяз Семей қаласы жылыту желілері үшін нағыз сынақ болды. Аяздың беті әлі қайтпағандықтан, қала тұрғындары тарапынан шағымдар көбейіп, мәселе күрделене түсті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұшақ бортында темекі шеккен тәртіп бұзушы «Алматы-Нұр-Сұлтан» әуе рейсінен шығарылып, оған айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балалар, коронавирус және дәрі-дәрмек: ӘМСҚ халықты толғандырған сұрақтарға жауап берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмек көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты еліміздің тұрғындарынан жиі түсетін сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Сулавеси аралындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстандық аккумуляторлар ТМД елдерімен қатар тағы 4 мемлекетке экспортталады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Талдықорғанда жасалатын «Kainar», «Bars», «Nomad» және «Вожак» деген атаулармен белгілі отандық аккумуляторлар ТМД елдеріне, Германияға, Польшаға, Қытайға және Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортқа шығарылады.

Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды, деп хабарлайды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы 60 пайыздан астам жаңарды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда облыстық мәслихаттың VII шақырылымының бірінші сессиясы өтті. Жаңа құрамға 38 депутат – төрт партияның өкілдері кірді. Сайлау нәтижесі бойынша 29 мандатты Nur Otan партиясы, үш мандаттан – «Ауыл», «Ақ жол» және Қазақстанның Халық партиясы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда мониторинг топтарының жұмысы күшейтіледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалада кәсіпкерлік нысандарының және жеке тұлғалардың санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылайтын мониторинг топтарының жұмысын күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент маңызды салаларда нақты мақсаттарды айқындады - Бақытжан Жұмағұлов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов бүгін VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Премьер-Министрді тағайындауға қатысты: Пікірталас ашық әрі айқын болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминнің тағайындалуына қатысты пікір білдірді, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы кітапханасына жаңа директор тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президенттің 7 саяси бастамасы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін 7-ші шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясын ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар саяси бастама көтерді. Бұл бастамаларды Мемлекет басшысының Президент лауазымына кіріскеннен бергі қолға алып жатқан саяси реформалардың үшінші топтамасы десек артық айтқандық емес. Есте болса, реформалардың алғашқы топтамасы аясында партияға тіркеу жеңілдетіліп, партиялық тізімдегі әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота енгізілсе, екінші топтамада азаптауға, адам саудасына қарсы іс-қимыл және азаматтарды, әсіресе балаларды кибербұзушылықтан қорғау үшін заңнаманы жетілдіру мәселері көтерілген болатын.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай