
Ойсыз әрі орынсыз - мәжілісмен Мұхтар Ерман ресейлік депутаттардың мәлімдемесі жайлы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман ресейлік депутаттар - Вячеслав Никонов пен Евгений Фёдоровтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Лондонда Қазақстандағы парламенттік сайлау тақырыбында жиын өтті
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов алда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысты брифинг өткізді. Оған саяси және бизнес-истеблишмент, сондай-ақ британиялық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Алматыда мониторингті жария картасы іске қосылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Цифрландыру басқармасы пандемия кезінде Алматы қаласының мобильділік өзгерістері мониторингісінің жария картасын іске қосты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайда жыл басынан бері 35 мың көлік құрастырылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында жыл басынан бері 7191 автомобиль экспортталды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның 8 өңірінде оңалту орталықтары жаңартылды, балалар тегін емделеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 8 облысында оңалту орталықтарына толық жаңарту жұмыстары жүргізілді. Онда ай сайын 600 бала квотамен 21 күндік емдеу курсынан өте алады. Бұл туралы Н. Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның машина жасау саласы — экспорттық нарықта
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Машина жасау саласы бәсекелестігі жоғары бағыттардың бірі екені анық, сондықтан өндірушілер барынша тың технологияларды енгізуге тырысып бағуда. Осы орайда қазақстандық автомобиль өнеркәсібі шикізаттық емес секторды индустриялық дамытудың басым бағыттарының қатарына қосылған. Айта кетейік, биыл қыркүйек айында Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумы онлайн режимде өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хатын жолдаған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының форумында бейне үндеу жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Конвенциясының қабылданғанына 60 жыл толуына орай ЭЫДҰ-ға мүше мемлекет және үкімет басшыларының, ЕО мен Коста-Рика басшыларының қатысуымен өтіп жатқан онлайн форумында бейне үндеу жасады. Іс-шара 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

Ерлан Карин: Президенті реформалардың жаңа топтамасы демократиялық түрленуге тың серпін беретіндігіне сенімді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің көмекші Ерлан Карин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келер жылдың басында реформалардың жаңа топтамасын жариялаймыз - Президент
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың басында реформалардың жаңа топтамасы жария етілетін болады. Бұл туралы Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төртінші он жылдықта бізді жаңа міндеттер күтіп тұр - Мемлекет басшысы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен әрбір он жылдық атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр. Бұл туралы Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен Мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда сұранысқа ие жаңа көліктердің рейтингі жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында Қазақстанда ресми дилерлер 79 мыңнан астам жаңа көлік сатты. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Президенті: Құқық қорғау құрылымдары мен армияда қаржылық төлемдер орташа 30% артады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы 3 жылдың ішінде құқық қорғау құрылымдары мен армияда қаржылық төлемдер орташа 30 пайызға артатын болады. Бұл туралы Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен Мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасының қауіпсіздігі қызметіне жаңа басшы келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ Президенті қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Испанияда Абай мен Үзейір Гаджибейлидің мерейтойларына арналған пошта маркалары шықты
МАДРИД. ҚазАқпарат - Испаниядағы Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының бастамасымен Абайдың 175 жылдығына және Үзейір Гаджибейлидің135 жылдығына орай пошталық маркалар шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай