
Өзбекстанда Sputnik V вакцинасын тіркеу процесі жүргізілуде
ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат - Өзбекстан аумағына коронавирустың кіріп келуі мен таралуын болдырмау және іс-шаралар бағдарламасын дайындау жөніндегі Республикалық арнайы комиссия, Ресейдің Sputnik V вакцинасын ел аумағында сертификаттау және тіркеу процесін бастауды мақұлдады. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ауғанстанда 300-ге тарта жанармай тасымалдаушы көлік жарылып, 60 адам зардап шекті
ГЕРАТ. ҚазАқпарат - Ауғанстанда бензин мен дизельдік отын әкетіп бара жатқан 300-ге тарта автокөлік жарылып, 60 адам зардап шекті. Келтірілген шығынның көлемі 50 млн долларға бағалануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Алматыда карантин тәртібі өрескел бұзылған нысандардың тізімі жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласында 2021 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап мониторинг топтары 4 394 нысанды тексеріп, 363 құқықбұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналына сілтеме жасап.
Каспий теңізінде «Түркістан» кемесінен шыққан өртке байланысты тергеу жүргізіледі
АҚТАУ. ҚазАқпарат – 8 ақпанда Говсан портынан (Әзербайжан) Ақтау портына бағыт алған «Түркістан» кемесінен өрт шыққан. Кеменің сол жақ бас қозғалтқышының газ түтігі қаптамасы жанып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Аскания бұғылары «Бурабай» ұлттық паркінде фототұзаққа түсіп қалды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Аскания бұғылары «Бурабай» ұлттық паркіндегі фототұзақтың объективіне түсті. Сирек кадрлар «Бурабай» ұлттық паркінен алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Президенті Телерадиокешенінің ресми Telegram каналына сілтеме жасап.

Ресей шетелдік интернет-платформаларды шектеу мәселесін жоққа шығармайды
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин жаулық әрекеттер анықталған жағдайда шетелдік интернет-платформаларға шектеу қою мәселесін қабылдауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Сенаты экс-президент Дональд Трамптың импичментіне қарсы дауыс берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ Сенаты экс-президент Дональд Трамптың импичментіне қарсы дауыс берді. Айыптау үкімін бекіту үшін оны сенаторлардың кемінде үштен екісі қолдауы керек еді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Америка дауысы» орыс қызметінің сайтына сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай