
Дүкенге баратын рұқсатнама, блокпосттың болмауы және ұшу аппараттары - Қазақстандық әйел Дубайдағы карантин туралы айтып берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматылық Айнұр Құрманғали 7 жыл Дубайда тұрып, жылжымайтын мүлік агенті болып жұмыс істеген. Бірақ, әлемдік пандемияға байланысты Айнұр Қазақстанға оралып, карантинге оқшауланды және ҚазАқпарат тілшісіне Әмірліктегі өмірі мен карантин жағдайы туралы сұхбат берді.

Алматыда қозғалысты жүйелейтін портал іске қосылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда төтенше жағдай кезінде жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлеріне қалада жүруге рұқсат беретін жаңа портал іске қосылады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев брифингі барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Карантин режимі: Google браузерінде кейбір жануарларды 3D форматында көруге болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Карантин кезінде балалар бос уақытын қалай өткізуі керек? Оларға арналған ертегі, мультфильм, кітаптар мен әртүрлі ойындар көп. Тіпті, онлайн форматта балаларға арналған спектакльдер мен шоуларды көруге болады.

42 500 әлеуметтік төлем жайында не білуіміз керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіл әлемді шарпыған коронавирус Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Індет салдарынан ел билігі республика аумағында карантин режимін жариялап, шағын және орта бизнес те, тіпті «екі қолға бір күрек» деп нәпақа тауып жүрген жандар да табысынан айырылды, төрт қабырғаға қамалуға мәжбүр болды.

Қазақстанда карантиннің алғашқы жеңілдігінен кейін қандай шектеулер күшінде қала береді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Карантиннің алғашқы жеңілдігі – көшеге жаппай шыға беруге болады дегенді білдірмейді. «Хабар 24» арнасында өткен онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауру жұғу қаупі ең аз деген кәсіпорындар іске қосылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ауру жұғу қаупі ең аз деген кәсіпорындар іске қосылады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тірлігі қауырт тілшілер карантин кезінде қалай жұмыс істеуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің күнделікті тыныс-тіршілігіне де өзгеріс енгізгені айтпаса да түсінікті. Өйткені елімізде аталған індетке байланысты төтенше жағдай жарияланғаннан кейін әдетте Ақордада, Үкімет пен Парламент үйінде, түрлі жиындар, конференциялар өтіп жататын жерлерде камерасы мен микрофонын, диктафоны мен фотокамерасын ұстап, спикер айтқан маңызды ақпаратты қағып алып, ұтымды сәтті таспалап үлгеруге тырысатын журналистер қауымының басым бөлігі қашықтан жұмыс істеуге көшкен. Осыған орай елордалық тілшілер қауымының қазіргі сәттегі жұмысы қалай өзгергенін білуге тырысқан едік.

Дәрігерлердің коронавирус жұқтыруы неліктен көбейіп кетті – ДСМ себебін түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда медициналық қызметкерлердің арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру фактісі неліктен өршіп кетті? Бұл сұраққа ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БЦЖ вакцинасы коронавирустан қорғай ала ма
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - БЦЖ вакцинасын коронавирусқа қарсы қорғаныс ретінде қарастыруға бола ма? Бұл сауалға Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифинг барысында жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында бизнесті қолдау үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Шағын және орта бизнесті қолдау үшін Қарағанды облысында ТЖ режимінің әрекет ету кезеңінде жылдық 8% жеңілдікпен несие берудің жаңа бағдарламасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирустық инфекцияның жасырын ошақтарын анықтау жалғасады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифинг барысында коронавирустық инфекцияның жасырын ошақтарын анықтау жұмыстары жалғасатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

COVID-2019: Қазақстанда үш мың экспресс-тест алынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында үш мың экспресс-тест алынды. Бұл туралы ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмыс мәжілісіне қатысады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Қазақстанда COVID-2019 пациенттерін емдемейтін 82 дәрігер коронавирусты жұқтырып алған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова COVID-2019 ауруының пациенттерін емдемейтін дәрігерлердің арасында коронавирусты жұқтыру фактісі артып бара жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда медицина қызметкерлеріне үстемеақы 96%-ға төленді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне берілуі тиісті үстемеақы 96 пайызға төленді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабалайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда №12 аурухана карантинге жабылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда №12 орталық қалалық клиникалық аурухана толықтай карантинге жабылды. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай