
Футбол: Бірқатар еурокубок ойындарының өтетін орны өзгерді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA аясындағы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы 1/8 финалындағы бірқатар ойындар өтетін орны өзгерді. Бұл коронавирус инфекциясына байланысты кейбір мемлекеттерде қалыптасқан жағдайға орай қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі UEFA сайтына сілтеме жасап.

ҚР СІМ: Еуропарламенттің Қазақстан бойынша қабылдаған қарарындағы мәліметтер түсінбестік тудырады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Еуропалық парламенттің Қазақстан бойынша қабылдаған қарары түсінбестік тудыратынын айтады. Министрліктің мәліметінше, мұндай қарарларды Еуропалық Парламент халықаралық күн тәртібінің түрлі мәселелері бойынша айтарлықтай тұрақты түрде қабылдайтынын есте ұстаған жөн. Бұл жөнінде Айбек Смадияров ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында атап өтті.

Достық үйінде елордалық ҚХА-ның кеңейтілген отырысы өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында атқарылатын шараларды талқылады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қордай оқиғасына бір жыл: Ауданда оң өзгерістер байқалады
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Қордайдағы былтырғы оқиғаға ақпан айында бір жыл болады десек, осы уақыт аралығында ауданда көптеген оң өзгерістер орын алған. Бұл туралы Қордай ауданының әкімінің есеп беру кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сербия коронавирусқа қарсы ресейлік «Sputnik V» вакцинасын өндіруді жоспарлап отыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербия жыл соңына дейін ресейлік «Sputnik V» вакцинасының өндірісін жолға қоюы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
Атырау облысында жазасын өтеп жатқан азамат бір күндік жалақысын балалар үйіне аударды
МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандардың бірі қайырымдылықпен айналыса бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

Екіжақты домбыра жасайтын шебер: Есебің дәл шығу үшін ептілік керек
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының тұрғыны Жанарбек Қазезұлы екіжақты домбыра жасайды. Көпке таңсық аспаптың үні де құлақ құрышын қандырады екен. ҚазАқпарат тілшісі домбыраның мұндай ерек түрін жасаған шебермен сұхбаттасып қайтқан болатын.

Қазақстан мен Өзбекстан екі елдің қалаларын жалғайтын теміржол салуды жоспарлап отыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 12 ақпанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті.
Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы ұшақ шассиінің тысы жарылған: Тергеу басталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Qazaq Air әуе компаниясының ұшағына қатысты болған оқиғаның мән-жайын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай