
Шуда 9 жасар екі балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікті ұсталды
Тараз. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны 9 жастағы екі жеткіншекті ұзақ уақыттан бері зорлап келген. Үшінші сынып оқушыларына азғындық жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейжің метрополитенінің 90-нан астам станциясы коронавирусқа байланысты жабылды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейжің метрополитенінің 90-нан астам станциясы коронавирустың өршуіне байланысты жабылды. Бұл туралы бейсенбі күні метрополитен әкімшілігі «Вэйбо» әлеуметтік желісінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

2022–2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгеріс енгізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қаңтар оқиғасы кезінде жүзге жуық адамның өмірін сақтап қалдық - алматылық медбике
АЛМАТЫ. ҚазАқпарт - Бүгін – Халықаралық мейірбике күні. Науқастарға күтім жасайтын бұл мамандардың еңбегі зор. Солардың бірі Маржан Қасенова Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасында жұмыс істейді. 30 жылдық еңбек өтілі бар мейірбикемен «ҚазАқпарат» тілшісі тілдескен еді.

Президент кепілдендірілген трансфертке қатысты заңға қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қазақстан цифрлық технологияларға герман инвестициясын тартуға мүдделі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту үшін цифрлық технологияларға герман инвестициясын тартуға мүдделі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 11%-ға артты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың қаңтар-наурызында Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен тауар айналымы $5 693,6 млн құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 11%-ға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Референдумға қатысу құқығы бұзылған жандар прокурор мен сотқа жүгіне алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық референдум кезінде «Дауыс беруге қатысу құқығым бұзылды» деп есептеген азаматтар прокурорлар мен сотқа жүгіне алады. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин Орталық сайлау комиссиясында өткен семинарда мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда мектептерінде бір психологқа 850 оқушыдан келеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отбасындағы жанжал кәмелетке толмағандар арасында суицид әрекеттеріне себеп болып жатады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021 елордада суицид әрекеттері ең көп тіркелген жыл болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада соңғы 5 жылда кәмелетке толмағандар арасында суицид әрекеттерінің 380 жағдайы тіркелді. Бұл туралы елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конституциялық сот азаматтардың өтініші негізінде Үкімет қаулыларын қайта қарай алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова республикалық референдумға Конституциялық соттың қайта қарауына жіберілетін нормативтік құжаттардың сипаты туралы мәселе де шығарылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жастардың тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау 18 мамырда басталады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл «Алматы жастары» жобасы аясында қаланың 1 мың тұрғыны баспаналы болады. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экс-президенттерді Конституциялық кеңеске мүше болуын шектеу мәселесі референдумда көрініс табады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституциялық реформа бойынша өтетін республикалық референдум аясында Қазақстанның экс-президенттерін Конституциялық кеңеске мүше болуын шектеу мәселесі көрініс табады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейдің Хабаровск өлкесінде әскери бөлімдегі жарылыстан бір адам қаза тапты
ХАБАРОВСК. ТАСС – ҚазАқпарат - Жарылыс Ресейдің Хабаровск өлкесі Амур ауданы Тейсин кентінде әскери бөлімде болды. Бір адам қаза тауып, зардап шеккендер бар. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі өңірдің жедел қызметінен мәлім еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда 6-9 жастағы әр бесінші бала артық салмақтың азабын тартуда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропаның ересек тұрғындарының 59 пайызы және әрбір үшінші бала артық салмақтың не болмаса семіздіктің азабын тартып жүр. Қазақстанда да жағдай оңып тұрған жоқ. Соңғы зерттеу деректері 6 мен 9 жас аралығындағы балалардың 20,6 пайызы артық салмақтың, ал 6,6 пайызы семіздіктің зардабын шегетінін көрсетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Германия бизнесмендері Ресейдегі кәсіпорындарын Қазақстанға көшіруге ниетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Германия бизнесмендері Ресейдегі кәсіпорындарын Қазақстанға көшіруге ниетті. Бұл туралы Герман экономикасы шығыс комитетінің басқарушы директоры Михаэль Хармс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қытайлықтар Сәбиттің ерлігіне де, терезенің сапасына да тәнті болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада 8-і қабаттағы терезеден үш жастағы сәбиді құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаевтың ерлігіне шетелдіктер де тәнті болып жатыр. Солардың ішінде қытайлықтар да қазақ жігітінің ерлікке пара-пар ісіне мақтауын жаудыруда.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай