
Қазақстан бойынша коронавирус індетін жұқтырғандар саны 951- ге жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда Коронавирус індетін жұқтырған тағы 24 жағдай тіркелді, Қызылорда облысы - 1,Алматы облысы - 9,Алматы қаласы - 5,Түркістан облысы - 7,Нұр-Сұлтан қаласы - 2 адам,деп хабарлайды.ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

Ресейде бір апта ішінде коронавирусты жұқтыру оқиғаларының саны үш есе артты
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресейде коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайлар саны 15 мыңнан, ал Мәскеуде 10 мыңнан асып түсті. Бұл туралы жексенбі күні жаңа инфекциямен күрес жөніндегі федералдық жедел штабта мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Президенттік үстемеақы дәрігерлер еңбегінің еленгенін көрсетті - астаналық дәрігер
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық көпбейінді медициналық орталықтың КВИ бөлімінің меңгерушісі Әлия Сәрсенова дәрігерлердің жалақысына қосылатын президенттік үстемеақы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

42 500 теңге: Еңбек министрлігі ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев 42 500 теңгелік әлеуметтік төлемді алу құқығын тексеру қызметі мен өтінімдерді қабылдаудың маңызды кезеңі жайлы мәліметтерді бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бердібек Сапарбаев Тараздағы колледждердің жұмысымен танысты
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы орта-арнаулы оқу орындарының қызметімен танысты. Ол облыс орталығындағы сервис және технологиялар колледжі мен Абай атындағы гуманитарлық колледждеріне жұмыс сапарымен барып, аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында өзендегі су көтеріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен аптада «Қазгидромет» РМК жерді қашықтықтан зондтау және NASA спутниктерінің өңделген суреттері бойынша Қазақстан аумағының қар алаңы 15%-ға қысқарғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирусқа тегін тест тапсыруға болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалары 13 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирус бойынша тегін тестен өтуге болатынын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмолада бүгін коронавирус жұқтырған 9 адам - Целиноград ауданының тұрғындары
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 10 жағдайы тіркелді. Оның 9-ы - Целиноград ауданында, біреуі - Көкшетау қаласында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Жанар Буканова: «Рухани жаңғыру» елді жарқын келешекке жетелей береді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына бүгін тура үш жыл толып отыр. Үш жыл ішінде мақала бағдарламалық тұрғыда ауқымды сипат алып, ел ішінде елеулі жұмыстар атқарылып, қоғамдық сананы жаңғырту бағытында нақты жобалар жүзеге асырылды. Бағдарламалық мақалаға үш жыл толуына орай «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Жанар Буканованы әңгімеге тартып көрдік.

Ермек Маржықпаев пен Юрий Ильин Ақмола облысындағы су тасқыны қаупі бар аймақты әуеден бақылады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильинмен бірге өңірдің су тасқынының қауіпі бар Зеренді, Сандықтау және Атбасар аудандарын тікұшақпен әуеден бақылап шықты. Әсіресе, Атбасар қаласында Жабай өзені маңындағы нысандарды судан қорғау үшін топырақтан тұрғызылған бөгет назарға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәурен Абаев: Төтенше жағдай – журналистердің құқығын шектеуге сылтау бола алмайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 11 сәуірде Атырау облысында КТК арнасы журналистерінің ұсталғаны туралы хабар тараған болатын. Аталмыш оқиғаға қатысты бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Энергетиктер Қостанай облысындағы қатты боран салдарынан келген залалды қалпына келтіруде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 сәуіріндегі Қостанай облысында қатты боран соғып, желдің екпіні 37 м/с-қа дейін жеткен. Дауыл салдарынан электр желісі үзілді. Оның ішінде «KEGOC» АҚ-ның электр беру желілері өшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғылым таппай мақтанба: ҚазАқпаратта жарияланған ғалымдармен қызықты сұхбаттар топтамасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бүгін ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Айтулы күнге орай ҚазАқпарат агенттігі оқырманға ғылым саласына байланысты жарияланған мақалалар мен сұхбаттардың топтамасын ұсынады.

Біріккен Араб Әмірліктерінен Талдықорғанға келген жолаушылардың ешқайсысында дене қызуы болмады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов кеше түнде Талдықорған әуежайына Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшақпен жеткізілген қазақстандықтарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: БҚО-да соңғы тіркелген екі тұрғын Ресейден келген
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 11-12 сәуір күндері коронавирус жұқпасымен тіркелген екі тұрғын Ресейден келген болып шықты. Бұл туралы брифингіде БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай