
Мақтааралда жеке кәсіпкер аз қамтылған отбасыларға 700 қап ұн жеткізіп берді
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында кәсіпкерлері белсенділік танытып, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға түрлі көмектер көрсетуді жалғастыруда. Атакент кентінде тұратын жеке кәсіпкер Нұржан Тоқжігітов 700 қап ұнды мұқтаж жандарға тегін тарату үшін аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қоймасына жеткізіп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Birgemiz: Қапшағайда 81 мұқтаж отбасына азық-түлік таратылды
ҚАПШАҒАЙ. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Біз біргеміз» акциясына үлес қосуға ынталы адамдар қатары көбеюде. Әсіресе, меценаттар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қол ұшын созудың жақсы үрдісі қалыптасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытай дәрігерлері қазақстандық әріптестеріне тренинг пен семинар өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға келгеніне үш күн болған қытайлық дәрігер-сарапшылар бүгін коронавируспен күресіп жүрген қазақстандық дәрігерлер көмектесуді көздейтін бірнеше маңызды шараға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай кезінде бизнесті қолдау үшін қандай шаралар қабылданып отыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде ҚР Президенті Қ. Тоқаев шағын және орта бизнеске теңдессіз қолдау көрсетуді тапсырды. Қазақстандық кәсіпкерлер салық жүктемесін азайту тұрғысынан қосымша қолдауды қажет етеді. Бұл әсіресе, жұмыспен қамтуды сақтау және жалақы төлеу бойынша аса маңызды. Сондықтан экономиканың көбірек зардап шеккен салаларындағы ШОБ субъектілері үшін еңбекақы төлеу қорынан аударымдар мен салық төлеу 6 айға алынып тасталды. Отандық бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы толығырақ primeminister.kz шолу материалынан оқыңыздар.

ДСМ: Кей өңірлер карантин нысандарындағы медқызметкерлердің демалу шарттарын орындамай отыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі Президент жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімін орындамай отырған өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлерге үстемеақы төлеу үшін барлық аймақта комиссия құрылды - ДСМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерді қаржылық тұрғыда қолдауды ұйымдастырып, қосымша ақыны бөліп беру мақсатында облыстардағы жергілікті атқарушы органдар тиісті комиссияны құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Меркі аудандық ауруханасының бас дәрігері мен оның орынбасары жұмыстан босатылды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Меркі ауданындағы дәрігер-инфекционистің шағымы бойынша тексеру қорытындысына сәйкес аурухана басшылары жұмыстан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Карантин кезінде отбасылық жанжалға жол бермес үшін не істеу керек – психоаналитик кеңесі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Карантинге байланысты әр отбасының үйде оқшаулануына байланысты адамдардың бойында ашу-ыза жиналып, бұл өз кезегінде отбасының қалыпты өміріне кері әсерін тигізуі мүмкін. Kazinform Instagram парақшасында тікелей эфирге шыққан Қазақстандағы танымал психолог, Психоанализ институтының директоры Анна Құдиярова осындай қауіптің барын айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерулер тоқтайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төтенше жағдай кезінде қауіпті өндірістік объектілерді қадағалау қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түрмеде кәсіптік білім алып жатқан 200 сотталушы қашықтан оқуда
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының ҚАЖ (қылмыстық-атқару жүйесі) департаментінің түзеу мекемелеріндегі кәсіптік білім беретін колледждер бөлімшелерінің 200 студенті қашықтан оқыту жүйесіне көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай