
Комитет өкілдері коронавирустан қайтыс болған дәрігердің туыстарына көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ұжымы коронавирустан қайтыс болған дәрігерің туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан да бауырлас елдерге мүмкіндігінше қолдау көрсетіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан да бауырлас елдерге мүмкіндігінше қолдау көрсетіп жатыр. Бұл туралы Түркі тілдес мемлекеттері кеңесінің төтенше бейнесаммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысының Шахтинск қаласы карантиннің күшейтілген режиміне көшеді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Шахтинск қаласында 12 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап қалаға кіріп-шығуға тыйым салынады. Қарағанды облысы аумағында карантин режимінің қосымша шаралары туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл түлектердің қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейді – ҚР БҒМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қашықтан оқыту жағдайында мектеп түлектері үшін қорытынды аттестаттау пәндер бойынша жылдық бағалары негізінде жүргізіледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімдері өзгеріссіз қалады. ҚР Білім және ғылым министрлігі осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полиция жүк тасымалы саласындағы алаяқтықтың жаңа түрі туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Карантин кезеңінде елорда полициясына жүк тасымалы саласындағы алаяқтық фактілері бойынша шағымдар түсе бастады. Алаяқтар әрекетінің алгоритмін сипаттай келе, барлық оқиғада алдау тәсілі бірдей екені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуді қадағалайтын комиссия құрылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова медициналық қызметкерлерге қосымша ақыны төлеудің ашықтығы бойынша комиссия құрылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО-да браконьерлер мемлекетке 2 млн теңге шығын келтірді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Биоресурстарды қорғау» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Полицейлер 15 күн бойы қорықшылармен және шекара қызметімен тығыз байланыста жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Несие төлемін шегеруге 1,1 млн қазақстандық өтініш берген
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда 1 миллионнан астам адам негізгі борыш сомасын өтеу және заимдар бойынша сыйақы есептеуді кейінге қалдыруды сұрап, банктерге өтініш берген. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова бүгін онлайн-брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұмыс істеу жағдайына шағымданған елордалық дәрігерлер жұмыстан қуылмайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыс істеу жағдайына шағымданған елордалық медицина қызметкерлері жұмыстан қуылмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23 мың 472 адам «Almaty Birgemiz» қорынан 50 мың теңгеден көмек алады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 23 мың 472 адам «Almaty Birgemiz» қорынан 50 мың теңге көлемінде көмек алады. Бұл туралы Nur Otan партиясының Алматы бөлімшесі төрағасының орынбасары Станислав Канкуров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Birgemiz: СҚО-да 4 мыңға жуық адам қаржылай көмек алды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бір аптаның ішінде 3669 азамат 50 мың теңгеден қаржылай көмек алды. Бұл төлемдерді мұқтаж жандарға «Birgemiz-Qyzylzhar» Солтүстік Қазақстан қоғамдық қоры жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарттар үйінен шыққан коронавирус: Барлық қызметкерден сынама алынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова Ақмола облысындағы қарттар үйінен шыққан коронавирус жағдайына қатысты мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Президенті Түркі тілдес мемлекеттері кеңесінің төтенше бейнесаммитіне қатысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында «СОVID-19 пандемиясымен күресудегі ниеттестік және ынтымақтастық» тақырыбында өткен Түркі тілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің (ТТМЫК) төтенше саммитіне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Президент сапасыз жанар-жағармай жеткізетін компанияларды анықтауды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сапасыз жанар-жағармай ұлттық қауіпсіздікке тікелей залалын тигізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тапсырмаларымды орындауда абсолютті орындаушылықты талап етемін - Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оза шабу, бөркін аспанға ату елдің болашағы үшін ауыр салдардың қайталануына әкеп соғады. Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында төтенше жағдай кезіндегі кәсіпкерлердің қызметі талқыланды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтың төрағалығымен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік жобалық кеңсенің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай