
Жамбылда пилоттық жобаға бөлінген 500 млн теңгеге жуық қаражат игерілмеген
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартудың пилоттық жобасын жүзеге асыруға баса мән беріп отыр. Ол өзінің аудандарға жасаған жұмыс сапарында да аталған жобаның орындалу жайына айрықша көңіл бөліп, пилоттық округтерге міндетті түрде барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бокстан іріктеу турнирі: Надежда Рябец жартылай финалда сүрінді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде әйелдер арасынан жалғыз өзі жолдама ұтып алған жерлесіміз жартылай финалда қарсыласына жол берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инспекторлар елімізге әкелінген 560 тонна жеміске шектеу қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары 17-24 ақпан аралығында Ресей Федерациясы мен Иран Ислам Республикасынан елімізге 560 тонна фитосанитарлық қауіптілігі жоғары өсімдік өнімдерін заңсыз алып кірудің 26 фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ірі сауда орталығы салынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстанмен шекарада «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының құрылысы басталады. Бұл жайында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада балабақшадан тұрмыстық тауарлар ұрлаған күдікті ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық полицейлер Дүкенұлы көшесіндегі балабақша аумағындағы қойма ғимаратынан аспалы құлыпты бұзып, тұрмыстық химия, шаруашылық тауарларын, сондай-ақ қоқыс контейнерін ұрлаған бұрын соттталған 40 жастағы қала тұрғынын ұстады. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Түркістан облысы кеден бекеттерінде коронавирусты анықтайтын тепловизорлар жұмыс істеп тұр
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеден бекеттерінде коронавирусқа байланысты жоғары деңгейдегі сақтық шаралары қабылданды. Барлық өткізу пунктілерінде санитариялық бақылауды күшейту мақсатында бекеттерге жергілікті аудандық санитариялық бақылау мамандары жұмылдырылып, олар тәулік бойы қызмет атқаруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: УЕФА еурокубок ойындарын тоқтатуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропа футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) басшылығы коронавирусқа байланысты Чемпиондар лигасының және Еуропа лигасының матчтарын өткізуді тоқтату нұсқасын қарастыруда. Бұл туралы ағылшынның The Sun басылымы Catalunya Radioға сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпараттық технологиялар университетінің есепшісі 414 млн теңгені ұрлағанын мойындады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков пен есепші Жанайым Спабековаға қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандағы білім беретін ұйымдар қашықтан оқыту жүйесіне көшуі мүмкін бе
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясынан сақтану үшін қашықтан оқыту жүйесін енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай