
Қаламызда жағдай тұрақты — елорда әкімі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы өз парақшасында тұрғындарды төтенше жағдай режимінің барлық ережелерін сақтауға және сенімді дереккөздерде жарияланған ақпараттарға ғана сенуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бахрейн Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданған шараларды қолдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бахрейн басшылығы қажет болған жағдайда Қазақстанға көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің м.а. Мұхтар Тілеуберді мен Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрі Абдуллатиф бен Рашид әл-Заянидің телефон арқылы әңгімесі барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңалықтарды Kaspi.kz, Halyk Bank және Beeline қосымшаларынан интернетсіз оқуға болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Kaspi.kz, Halyk Bank және Beeline-мен бірге қосымшалардың басты бетінде «Мемлекеттік жаңалықтар» бөлімін іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз – Еуропа кеңесі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен бейнебайланыс режимінде екіжақты келіссөз жүргізді. Виртуалды кездесу еуропалық тараптың бастамасымен өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Алматы қаласы мен Алматы облысында өткен арнайы операцияда 675 күдікті ұсталды - ҰҚК
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 қаңтардан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысында ҰҚК, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері мен Ұлттық ұланның арнайы бөлімшелерінен құралған күш 675 күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда қалған Ресей азаматтары еліне қалай қайтады
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қазіргі кезде Қостанай облысында қалып қойған Ресей Федерациясының азаматтары өз елдеріне қалаған уақытта кез келген жолмен орала алады. Алайда коменданттық сағат кезінде автокөлікпен жүруге рұқсат жоқ. Бұл туралы Қостанай облысының комендатурасы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ - әкім орынбасары
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев Нұр-Сұлтанда азық-түлік тапшылығы жоқ екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Цифрлық даму министрлігі байланыс операторларымен бірлесіп кешенді қолдау шараларын ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс операторларымен бірлесіп Төтенше жағдайға байланысты қазақстандықтарды қолдаудың кешенді шараларын ұсынды. Бұл туралы министрдің міндетін атқарушы Бағдат Мусин желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының кезектен тыс сессиясында сөйлеген сөзі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақорда сайты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының кезектен тыс сессиясында сөйлеген сөзін жариялады. «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі толық мәтінді оқырман назарына ұсынады.

Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұражай мен Ұлттық кітапханаға лаңкестер шабуыл жасаған - министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта мәдениет, архив, спорт, туризм нысандарына келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанның әлеуметтік инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінде елордадағы жағдай тұрақты және толық бақылауда. Қала басшысының төрағалығымен тәртіп орнату және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жедел штаб жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Еліміздің бүкіл мешіттерінде мерт болғандардың рухына құран бағышталып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін - елімізде жалпыұлттық аза тұту күні. Осы орайда ел аумағындағы барлық мешіттерде жаппай ереуіл кезінде қаза болған жандардың рухына құран бағышталып жатыр. Бұл туралы Қазақстан мұсылдандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай