
2018 жылмен салыстырғанда елордада биыл әлеуметтік пәтер саны 9 есеге артады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік пәтерлер саны артқанын, сол сияқты Алматы ауданында бірқатар мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда ақпараттық сервистерде кемшілік тапқандарға сыйақы беріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі кемшілікті тапқан қазақстандықтарға сыйақы беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Су тасқыны: Роман Скляр елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 13 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов пен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев елорданың шекара маңындағы аумақтарында су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында әуеден бақылау жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда жеке деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету сервисі енгізілмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда Жеке деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету сервисін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында өзгенің малын 174 млн теңгеге сатып жіберген бақташылар ұсталды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Шет ауданының екі тұрғыны 174 миллион теңгеге алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Олар өздеріне сеніп тапсырылған жылқыларды сатып жіберген. Аталлмыш іс бойынша барлығы 50-ден астам жәбірленуші тыңдалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеке деректерді қорғау: қай салада шағымдар жиі кездеседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов жеке мәліметтердің таралуына қатысты адамдардар келіп түскен шағымдарды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халық Аренадағы» госпитальде дәрігер жетіспейді деген ақпарат жалған - басқарма
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі БАҚ пен әлеуметтік желіде жарияланған «Халық Аренадағы» госпитальде 70 пациентке аз дәрігер жұмыс істейді және дәрігерлер жағдайды көтере алмай отыр» деген үндеуді қарап, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті ЭЦҚ-ны бөтен адамдарға бермеуге үндеу жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –2020 жылы электронды цифрлы қолтаңбаны заңсыз беру мен оның тиісті деңгейде қорғалмауына қатысты 30-дан астам факті анықталды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпараттық қауіпсіздікке қатысты 4 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында биыл мемлекеттік органдардың 4 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды фармацевтикалық кешені сәуірде 1,5 млн доза вакцина өндірмек
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды фармацевтикалық кешені (ҚФК) 600 мың доза көлемінде вакцинаның алғашқы ірі партиясын жеткізді. Сондай-ақ, осы айдың соңына дейін вакцинаның қосымша 900 мың дозасын жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат фармацевтика кешенінің Telegram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Алматы облысының қант өндірушілері бәсекелестік заңнамасын бұзған
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қанттың өндіру және сату нарығына талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл әкімдері қандай жағдайда қызметтен босатылуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы тоғанда балық қырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы тоғанда балықтардың қырылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдер сайлауын алғашқы екі жылда ОСК қаржыландырады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әкімдерді тікелей сайлаудың алғашқы кезеңіне 17,6 млрд теңге қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров Мәжілісте сайлау туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді таныстыру кезінде айтты.

Еріген қар суы үш жолды басып қалды - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аудандарында су тасқыны салдарынан үш жолда көлік қатынасы үзілді. Олар: Ерейментау ауданының Қызылту және Бестоғай ауылдары, Атбасар ауданындағы Есенкелді ауылы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай