Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әрбір шағым жан-жақты қаралады - Аида Балаева

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 16:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің көмекшісі — ҚР Президентi Әкiмшiлiгi өтiнiштердi қарауды бақылау бөлiмiнiң меңгерушiсi Аида Балаева Facebook парақшасында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау қашан жүргізілетінін жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің бөлім әрбір өтінішті бақылау мен сапалы пысықтауды жүзеге асырады. Жеке қабылдау проблемаларды келушінің өз ауызынан естуге, оның төркініне терең бойлап, түсінуге мүмкіндік береді. Дегенмен, қабылдау аяқталғаннан кейін барлық жағдай тыңғылықты сарапталады, әр мәселені шешудің әдісі әзірленеді. Орын алған жағдай талап ететін болса, бейінді органдар өкілдерінен жұмыс тобы құрылады. Бір қабылдау күнінде біз көбінде жүзден астам адамды қабылдаймыз. Алайда, мәселе қабылданған адамдардың санында емес, біздің оларға көрсететін көмегіміздің деңгейінде. Барлық жүгінушілердің проблемаларын қарау үшін бөлімге уақыт қажет екенн түсінген жөн. Қабылдау – бұл айсбергтің ұшы ғана, жұмыстың негізгі ауқымды бөлігі көрінбейді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, келесі жылдың қаңтарындағы келесі қабылдауға дейін өтiнiштердi қарауды бақылау бөлiмi жинақталып қалған өтініштерді сараптаумен және оларды шешудің жолдарын іздеумен айналысады.

«Бұған қоса, бізде қазіргі сот істеріне араласауға құқықтық құзірет жоқ екенін тағы бір еске салғым келеді. Әкімдіктер мен министрліктерге түсіп жататын мәселелерді шешу үшін заңды тетіктерді қосуға мүмкіндік беретін заңды негіз болса, онда біз міндетті түрде соңына дейін анықтаймыз», - деді Аида Балаева.

Фото: www.facebook.com/Aida Balayeva

Жоғары қарай