Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Аралтұз» АҚ және «Аралсода» аудандық ауруханаға реанимобильдер тарту етті

2020 жылдың 20 қараша 2020 10:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Аралтұз» АҚ және «Аралсода» ЖШС жедел медициналық көмек көрсету үшін Арал ауданаралық ауруханасына заманауи құрылғымен жабдықталған екі реанимобиль сатып алып, тапсырды.

Осы мақсатқа қос компания шамамен 20 миллион теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арал ауданаралық ауруханасы және оның құрылымдық бөлімшелері 70 мың тұрғынға медициналық көмек көрсетеді. Реанимобильдерге орнатылған жабдықтар жағдайы аса ауыр науқастарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
«Бұл реанимобильдер ауадай қажет, біздің базада біреуі ғана бар, ол жеткіліксіз, әсіресе пандемия кезінде. Осындай маңызды және уақтылы қолдау үшін «Аралтұз» және «Аралсода» компанияларына зор алғысымызды білдіреміз», - деді «Арал ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекетік кәсіпорны бас дәрігерінің орынбасары Лаура Әділбаева.








«Коронавирус пандемиясы кезінде біз медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін қолдауға баса назар аударуды жөн көрдік. Реанимобильдерді сатып алу – Арал ауданының медициналық мекемелеріне алғашқы және соңғы көмегіміз емес», - деді «Аралтұз» АҚ президенті Айдынбек Тауасаров.

Қайырымдылық көмекке «Аралтұз» АҚ мен «Аралсода» ЖШС өз қаражатынан 50 миллион теңге бөлді. Бұған дейін осы акция аясында компаниялар Арал ауданындағы жұқпалы және провизорлық ауруханаларды Covid-19-пен күресуге арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен. Медициналық мекемелерге 19 оттегі концентраторы мен 200 медициналық төсек тапсырылып, медицина қызметкерлеріне 200 арнайы қорғаныс киім берілді.






Басты сөздер: Медицина, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай