Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Аралдағы тосқауыл бекеттері әзірге жұмысын жалғастыра береді

2020 жылдың 7 маусым 2020 04:12

АРАЛ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданындағы тосқауыл бекеттері әзірге жұмысын жалғастыра береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауданда коронавирус жұқтырған тұрғындар саны басым. Аудан орталығы мен бірқатар елді мекендерде қатерлі індетті жұқтырған азаматтар бар.

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, ауданда аталған ауруға шалдыққан 50 адам тіркелген. Олардың 33-і Арал қаласында тұратын болса, 15-і Сексеуіл, 3-і Жақсықылыш кентінің тұрғындары. Сондай-ақ, 120-ға жуық адам карантинде жатса, 150-ге жуығы үй жағдайында бақылауға алынған. Ауданның бас санитарының қаулысына сәйкес демалыс орындарына рұқсат жоқ.

Сондықтан ауданда бірқатар орындарда тосқауыл бекеттері әлі де жұмыс жасап тұр.

«Атап айтқанда, Арал қаласында -3, Сексеуіл кенті және Қамыстыбас елді мекенінде блокпостар қызмет атқаруда. Бұл орындарда күніне шамамен 100-150 автокөлік өтеді. Жеке құрам күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуде», - дейді Арал аудандық полиция бөлімінің бастығы Әміржан Өтегенов.

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 456 адам тіркелген .

Оның ішінде Аралда - 49, Қазалыда - 7, Сырдарияда - 27, Шиеліде - 74, Жаңақорғанда - 51, Қармақшыда - 7 және Қызылорда қаласында - 241 адам. Емделіп шыққандар саны – 286.


Жоғары қарай