Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Арал теңізінде екі балықшы суға кетіп, көз жұмды

2020 жылдың 31 наурыз 2020 16:01

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында екі балықшы суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

30 наурыз сағат 13:00-де Қызылорда облыстық ТЖД кезекші пультіне 29 наурызда Кіші Арал теңізіне моторлы қайықпен балық аулауға кеткен екі балықшының жоғалып кеткені туралы хабар түсті.

Іздеу жұмыстарына шұғыл түрде ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен жергілікті тұрғындар тартылды. Екі сағаттан кейін құтқару тобы 1974 және 1998 жылғы екі балықшының денесін судан алып шықты.

Азаматтық қорғаныс органдарының құтқару жасақтары көктем кезінде су айдындарында адамдардың қаза табуына жол бермеу мақсатында тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын, профилактикалық шаралар жүргізіп жатыр.


Жоғары қарай