Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Арал қаласында алабай тұқымды ит жеті жасар баланы қауып алды

2020 жылдың 15 наурыз 2020 18:58

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында жеті жасар баланы алабай тұқымды ит қауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арал қаласы тұрғынынан полиция кезекші бөлімшесіне баласын ит қауып алғаны жөнінде хабарлама түсті. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, полиция аға лейтенанты Алтынтас Нұрпейісов полиция аға сержанты Нұркен Ермағанбетов жедел жетті. Барлау барысында алабай тұқымды қабаған иттің үй ішінен адамдарды сыртқа шығармай тұрғанын аңғарды. Ол адамдар иттің қабуынан жарақат алған жасөспірімді ауруханаға жеткізу үшін келген «Жедел жәрдем» қызметкерлері болып шықты.

Бос жүрген ит көше бойында жүрген адамдарға да қауіп төндірген. Сондықтан полиция қызметкері Алтынтас Нұрпейісов шешімге келді. Қабаған итті адам жүрмейтін жерге апарып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында итке қарсы табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болды. Осылайша қабаған иттің көзі жойылды.

«Жарақат алған жасөспірім аурухананың травмотология бөліміне шұғыл жеткізілді. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ит иесін анықтау үшін тексеру шаралары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, табельдік қаруды қолдану дерегі бойынша тексеру жүргізілді. Оның қорытындысы полиция қызметкері азаматтардың өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төндіретін жануарды залалсыздандыру үшін заң шеңберінде әрекет еткенін көрсетті», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Жоғары қарай