Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арал ауданында қысқа жем-шөп дайындау қарқынды жүруде

2021 жылдың 6 қазан 2021 21:50

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында биыл кездескен қуаңшылық түйіткілдерін шешу, малға қажетті жем-шөп дайындау мәселесіне өз деңгейінде мән беріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Арал ауданына іс-сапар барысында бірқатар шаруа қожалығы иелерімен кездесті.

Алдымен облыс әкімі Аралқұм ауылдық округінде шаруа қожалықтарының қысқы мал азығын дайындау мәселелерін саралады. Аудан әкімі Серік Сермағамбетов өңірдегі қуаңшылықты еңсеру бағытындағы атқарылған жұмыстарды тізбелеп, қазір бұл бағытта атқарылып жатқан ахуалды баяндады.

Бүгінде аудан бойынша 114,1 мың мал қысқа түсетіні анықталды. Оған 184,6 мың тонна шөп және 37,6 мың тонна жем қажеттігі нақтыланды.

«Ауданға сырттан 79007 тонна шөп тасымалданады деп есептелген еді. Ал өткен жылдан қалған шөп көлемі 4512 тоннаны құрайды. Ал аудан аумағынан орылған шөп көлемі - 41098 тонна. Қазір ауданға қажетті 184640 тоннаның 124617 тоннасы қамтамасыз етілді. Еліміздің солтүстік облыстарынан қысқы мал азығын сатып алу мақсатында «Азық-түлік келісім шарт» ҰК» АҚ арқылы жеңілдетілген бағада жем сатып алуға тапсырыс беріліп, қазіргі таңда операторлар анықталды. Одан бөлек, көршілес Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының алқаптарынан шөп қорын жасақтау жөніндегі меморандум жасалды», - деді аудан әкімі.




Биыл облыс әкімдігінің ықпалымен тауарөндірушілердің мал азығына жұмсаған шығындарын ішінара субсидиялауға республикалық бюджеттің резервінен 1,7 миллиард теңге қаржы бөлінді. Бұл жем-шөпке бөлінген қаражат игерілуде. Қуаңшылыққа байланысты Болат Өтемұратов қоры Арал ауданына 263 миллион теңге көмек көрсеткен болатын. Бөлінген қаражат малға арналған жем-шөп, мал азығын дайындауға арналған ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға жұмсалды. Сонымен қатар, бөлінген қаражатқа Аспай су ағытқысы іске қосылды.




Аймақ басшысы аудан әкімі мен шаруаларға мал азығын дайындауды уақытылы жүргізіп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Мәселені тұрақты бақылауға алуды міндеттеді.

Аймақ басшысы іссапар барысында аудана умағында лорналасқан Қамбаш көлінің жағдайымен танысты. Ауыл ақсалдарымен кездесіп, ортақ мәселелерді талқылады.

Облыс әкімі резервінен бөлінген 250 миллион теңгенің 50 миллион теңгеге жуығы аудандағы каналдар мен жайылымдық, шабындық жерлерді суландыруға жұмсалғанын тілге тиек етті.

«Ауданға қарасты Қызылжар елді мекеніндегі «Бектау» каналын қазу жұмысы басталды. Ал Аманөткел елді мекеніндегі «Бұрмақұлақ» учаскесіндегі дария арнасына тоспа салынып, жайылымдық жерлерді суға бастыру аяқталды. Ал Мергенсай елді мекеніндегі «Үш шоқы» мал жайылымдық жерінде су ұңғымасын қазу іске асты. Қазіргі уақытта Қосаман, Ақбасты елді мекендерінде су ұңғымаларын және Қулы, Дің арналарын қазу басталды. Бүгінгі күні дарияның суы көтеріліп, «Қамбаш», Ақшатау көлдер жүйесіне мол көлемде су түсуде. Бұл жұмыстардың толық аяқталуы менің тікелей бақылауымда болады», - деді облыс әкімі.

Ауданның ардагерлері қуаңшылық кезеңінде шұғыл шешім қабылдау нәтижесінде мал шығыны тоқтағанын тілге тиек етті. Нәтижесінде қысқы мал азығын жасақтау жұмыстары жолға қойылды. Ардагерлер көлдер жүйесінің жағдайы қалыпқа келе бастағанын айтып, аймақ басшысына ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, Қызылорда облысын газдандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде.


Жоғары қарай