Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арал ауданына жаңа әкім тағайындалды

2021 жылдың 27 мамыр 2021 11:15

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің 2021 жылғы 27 мамырдағы өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі мен Арал аудандық мәслихатының келісімі бойынша аталған қызметке Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы келді.

Арал ауданында өткен жиында аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова ауданның жаңа әкімін таныстырды.

Серік Сермағамбетов 1965 жылы дүниеге келген. Алматы халық шаруашылық институты экономист, Гумилев атындағы Евразия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Балық шаруашылығы министрлігінің материалдық-техникалық жабдықтау орталық базасының аға экономисі болып бастаған.

1991-2018 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратында аға инспектор, Қызылорда қаласы әкімінің қаржы шаруашылық басқармасының бастығы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жетекшісі, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары болды. Одан кейін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы, Жалағаш ауданының әкімі, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2018 жылдан бастап осы кезге дейін «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы болды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облыстық Ветеринария басқармасына жаңа басшы тағайындалды.


Жоғары қарай