Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арал ауданы шаруаларына жем-шөп жеткізіле бастады

2021 жылдың 17 шілде 2021 01:13

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданындағы қуаңшылық жағдайына байланысты жергілікті шаруаларға жем-шөп жеткізіле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың басшылығымен өңірде бұл бағытта тиісті іс-шаралар атқарылып келеді. Аудандағы әрбір ауылға облыс аудандарынан шөп жеткізу бағытында тиісті жұмыстар атқарылады.

Айта кетерлігі, Арал ауданында қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланды. Қазір бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда .

Ауданға қажетті шөптің көлемі - 184640 тонна. Осы қажеттілікке сәйкес 2499 тонна шөп және 51,2 тонна жем жеткізілген. Ал ауданның шабындық жерлерінен шөптің 36453 тоннасын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қалған 146000 тонна шөп сырттан тасымалданады. Ол кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Айта кетерлігі, қуаңшылық жағдайына байланысты аудандағы елді мекендер қызыл, сары және жасыл аймаққа бөлінген. Мәселен, «Қызыл аймақ» бойынша 1252 тонна шөп және 16,2 тонна жем қажет етіліп отыр. Ал «сарыға» 788 тонна шөп және 30 тонна жем, «жасылға» 216 тонна шөп қажет. Сондай-ақ, аудан орталығы Арал қаласы бойынша 243 тонна шөп және 5 тонна жем жеткізілген.

Бұдан бөлек, Аманөткел, Жетес би ауылдарында қайырымдылық көмек ретінде тұрмысы төмен отбасыларға шөптер тегін таратылып берілді.

Жоғары қарай