Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Әр балаға - 21 мың теңге: Жәрдемақы 23 жасқа дейін төленеді

2019 жылдың 5 наурыз 2019 19:20 3748

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі заңнама бойынша көпбалалы отбасының мүшесі оқуға түсіп кетсе, оған атаулы әлеуметтік көмек төлене береді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Неке және отбасы туралы» кодекске сәйкес, төрт және одан көп баласы бар отбасы көпбалалы отбасы болып саналады. Бұрын осы санаттағы отбасылар арнайы мемлекеттік жәрдемақы алып тұрды. Ал өткен жылы 1 қаңтардан бастап  оның орнына атаулы әлеуметтік көмек енгізілді. Аталған көмек отбасының табысына қарай төленеді. Мәселен, осы уақытқа дейін бір айлық табыстың көлемі отбасының әрбір мүшесіне шаққанда күнкөріс дейгейінің 50 процентіне жетпесе, атаулы әлеуметтік көмек беріліп келді. Енді, Президенттің тапсырмасына сәйкес, ол көмекті беру межесі 70 процентке дейін көтеріледі. Бұл дегеніміз, көпбалалы отбасының табысы бір адамға шаққанда күнкөріс деңгейінің 70 проценті - 20 789 теңгеге жетпесе, жаңа жүйе бойынша 21 мың теңгелік жәрдемақы беріледі. 

Заң бойынша күнтізгі бөлімде оқитын балалар да көпбалалы отбасының мүшесі болып саналады.

«Көпбалалы отбасы - құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы", - делінген кодекстің бірінші бабында. Осылайша, көпбалалы отбасының бір мүшесі кәмелеттік жасқа толып, оқуға күндізгі бөлімге түсіп кетсе, онда 21 мың теңгелік жәрдемақы төлене береді. Оны ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев та растады.

«Қазіргі таңда бір балаға 4 834 төленсе, енді әрбір балаға ай сайын 20 789 (21 мың теңгеге жуық - авт.) төленетін болады. Оған қосымша сол жанұяның балалары оқитын болса, онда сол оқуды бітіргенше 23 жасқа дейін осындай жәрдемақы төленетін болады», - деді Б.Сапарбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында. 

Айта кетейік, бұған дейін ҚазАқпарат тілшісі аталған жәрдемақыны тағайындаудың тәртібін сараптап шыққан болатын. Жаңа жүйеге сәйкес, ата-аналарға да қосымша ақы төленеді деген жоспар бар

 

 

Жоғары қарай