Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әр ай сайын байырғы халықтардың екі тілі жойылады - БҰҰ

2019 жылдың 18 желтоқсан 2019 13:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық қауымдастық қанша күш салғанымен, әр айда байырғы халық өкілдері сөйлейтін екі тіл жойылып жатыр. Олармен бірге білім, салт пен дәстүр қоса кетеді. Бұл туралы БҰҰ Бас ассамблеясы 74-сессиясының Төрағасы Тиджани Мұхаммед-Банде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «БҰҰ жаңалықтарына» сілтеме жасап.

2019 жыл БҰҰ ұйғарымымен Халықаралық байырғы тілдер жылы болып жарияланған. Бас ассамблея кеше осы жылдың қорытындысын жасады. Әлемде байырғы халықтардың 4 мыңға жуық тілі бар. Кейбірінде бірнеше адам ғана сөйлейді. Тиджане Мұхаммед-Банде алдағы онжылдықта көптеген тілдердің жойылып кетуі мүмкін екенін айтты.

«Әр екі аптада кем дегенде бір байырғы ұлттың тілі жоғалады. Айына – екі өлі тіл», - деді Тиджани Мұхаммед-Банде.

Төрағаның айтуынша, қазіргі күні байырғы халықтардың төрт мыңдай тілі ғана сақталған, оларда әлем халқының 6%-ы ғана сөйлейді.

Мұхаммед-Банде барлық халықаралық ұйымдарды тілді сақтау шараларын күшейтуге шақырды.

Басты сөздер: Бюджет, Тіл, БҰҰ,
Жоғары қарай