Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Аптап ыстық, жел, бұршақ – бейсенбіге арналған ауа райы

2020 жылдың 16 шілде 2020 00:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16 шілдеде елімізде күн ыстық болады, кей жерлерде жел күшейіп, жауын немесе бұршақ жаууы ықтимад, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«16 шілдеде еліміздің басым бөлігі әлі де антициклоның әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек елдің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық ағындар бөлігінің ықпалынан кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін», делінген хабарламада.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлірінде шаңды дауыл соғуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, дауыл соғуы мүмкін. Бұршақ жауады.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.

Күндіз Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шыңыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты, кей жерлерде өте аптап ыстық болуы мүмкін.

Атырау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, кей жерлерде Батыс Қазақстан, Ақтөбе. Қарағаны, Жамбыл обыстарында, Алматы облысының батысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Басты сөздер: Аймақ, Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай