Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Апта ішінде елімізде 3 125 қылмыс жасалды - ІІМ

2021 жылдың 25 қазан 2021 11:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір апта ішінде еліміздің аумағында 3 125 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір апта ішінде 3 125 қылмыс жасалды. Оның 2 102-сі тәулік ішінде ашылды», - деді Нұрділдә Ораз министрліктің баспасөз алаңында өткен дәстүрлі брифинг барысында.

Ресми өкілдің дерегінше, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 6 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 31 тонау және 453 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан.

Сонымен қатар ол Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның директоры Маттео Мекаччимен кездескенін, кездесу Маттео Мекаччидің Нұр-сұлтан қаласына арнайы сапары аясында өткенін атап өтті.

«Кездесу барысында министр Мемлекет басшысының адам құқықтарын қамтамасыз ету, құқыққорғау қызметін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтіп, осы саладағы халықаралық стандарттарды сақтау, жазаның орындалуын ізгілендіру және азаматтық бақылауды күшейту жөніндегі жұмыстар туралы айтты», - деді ол.


Жоғары қарай