Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АӨІСШК елдеріне QazVac-пен көмектесуге дайынбыз - Ақан Рахметуллин

2021 жылдың 12 қазан 2021 13:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан АӨІСШК елдеріне коронавирусқа қарсы вакцинамен көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлерінің 6-кездесуінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«COVID-19 пандемиясы жаппай жұқтыру қаупі мен бактериологиялық қарудың талқандаушы күшінің жеткілікті деңгейде бағаланбай отырғандығын айқын көрсетіп берді. Бұл тұрғыда вакциналарға жаһандық қолжетімділікті кеңейту қажет», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Осы ретте Ақан Рахметуллин Қазақстан QazVac вакцинасын дайындағандығын баса айтты.

«Оның тиімділігі мен жоғары стандарттарға сай келетіндігін кәсіби медициналық қоғамдастық нақтылап отыр. Тағы екі вакцина әзірлену сатысында тұр. Біз вакцина сатып алу барысында қиындықтарға тап болып отырған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне мүше мемлекеттерге көмек беруге дайынбыз», - деді ол.


Жоғары қарай