Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Antikor ortalygy» –ашықтық мен айқындықтың көрсеткіші

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 12:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Antikor ortalygy» сервистік орталығы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің ашықтығы мен айқындығының көрсеткіші. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Серіктестік департаменті директорының орынбасары Перизат Сәдуақас айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық үшін қолайлы алаңдар жасай отырып, өз жұмысына азаматтық қатысуды кеңейтеді. Оның бірі – еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейтін «Antikor ortalygy» сервистік орталықтары болды», - деді Перизат Сәдуақас агенттіктің Facebook алаңында өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, орталықтар ашылған сәттен бастап 3 000-нан астам түрлі іс-шаралар, кездесулер, тұсаукесерлер, брифингтер және басқа да іс-шаралар өткізілді. Олардың аясында мыңдаған қазақстандық өз проблемаларын айтып, мамандардың жауаптарын алды.

«Агенттік жұмыстың заманауи технологиялық форматтарын азаматтарды қабылдау секілді дәстүрлі форматпен сәтті үйлестірген. Олар күрделі және ерекше жағдайлардың мәнін тереңірек түсінуге, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Аумақтық департаменттердің бірінші басшылары өткен жылы «Antikor ortalygy»-да 600-ден астам азаматты қабылдады. Осы мақсатта агенттіктің сайтында «сұрақ-жауап» арнайы сервисі жұмыс істейді, онда әрбір сұрау өңделіп, тиісті деңгейде ден қойылады. Кері байланыстың тағы бір пәрменді тетігі – «Ашық диалог» электрондық үкімет порталы. Осы платформада агенттік ай сайын интернет-конференция өткізеді», - деді ол.

Сонымен қатар ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұртшылық өкілдері мен сарапшыларды тарту жөніндегі міндетті табысты шешетін «Adaldyq alańy», «Protecting Business and Investments», «Adal komek», «Ашық бюджет» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобаларының және арнайы мониторинг топтары мен ақпараттық-ағарту штабтарының жұмысын ерекше атап өтті.


Жоғары қарай