Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Антибиотик науқастың иммунитетін одан әрі төмендетеді – дәрігер

2020 жылдың 8 шілде 2020 13:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева коронавирус жұқтырған науқастар антибиотик қабылдауға асықпауы тиістігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта КВИ жұқтырғандардың еш қадағалаусыз антибиотик қабылдап жатқанын байқадық. Антибиотиктер ағзаның иммундық жауабын қалыптастыруға қажетті ішек микрофлорасын бұзады. Сәйкесінше, пациенттің иммунитеті одан әрі төмендей түседі. Одан бөлек, қажетсіз антибиотикті тағайындау – микроағзаларды бактерияға қарсы заттарға тұрақты және төзімді етеді. Бұл – өте өзекті жаһандық мәселе деуге болады, адам бойында антибиотикті сезбейтін микроағзалар штаммы пайда болады және келешектегі бактериялық инфекцияларды емдеу ісіне ықпал етеді», - деді дәрігер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн конференцияда.

Сонымен бірге, дәрігер ауыр инфекцияларда ғана қолданылатын резервті антибиотиктердің де пайдаланылып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

«Оған жол беруге болмайды, себебі пациенттің жағдайын одан әрі ауырлатуы мүмкін. Бактериялық компонент болған кезде коронавирусты антибиотиктермен тек дәрігердің нұсқауымен ғана емдеу қажет», - деді Р. Қарабаева.

Бұған дейін дәрігер КВИ симптомсыз және симптомы аз науқастардың үйде емделу жолдарын түсіндірген еді.


Жоғары қарай