Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Анасы құлыптап кеткен: Елорда полицейлері балаларды қайғылы жағдайдан құтқарды

2021 жылдың 29 қазан 2021 20:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық полицейлер бесінші қабаттың ашық терезесінен анасын шақырып жылаған баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның «102» арнасына сағат 21:00-де А. Иманов көшесіндегі үйдің бесінші қабатындағы ашық терезеден баланың қатты жылап, анасын шақырғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына әкімшілік учаскенің полиция инспекторлары жедел жетті.

«Аталған факт расталды. Баланың жарты денесі терезеден жартылай шығып тұрған. Учаскелік инспектор полиция капитаны Серік Кеңесов жедел түрде бесінші қабатқа көтеріліп, есікті дауыстап қаға бастады, ал оның серіктесі полиция капитаны Жомарт Сәрсембаев жағдайды төменнен бақылап отырды. Кішкентай қыз есіктің қоңырауын естіп, терезеден түскен. Есік жабық болғандықтан, полиция қызметкері қызбен сөйлесіп, ойын ойнауға тартты. Полицей кішкентай қызға есіктің неше рет қағылғанын тапса, көптеген тәттілер әперуге уәде берген. Бұл уақытта құтқарушылар пәтерге шатыр арқылы кіріп, қызды құтқарды», - деп жазды департамент.

Баланың қауіпсіздігіне көз жеткізген соң полицейлер анасын бірге күтуді ұйғарды. Бір жарым сағаттан кейін сәбидің анасы келген.

Кейін анықталғандай, қыздың анасы екі және төрт жастағы балаларды сыртынан құлыптап, өз шаруасымен кетіп қалған. Полицейлер әйелге жас балаларды қараусыз қалдырмау керектігін түсіндірді.

«Ал Серік Кеңесов балақайға уәде еткеніндей, бір пакет тәтті сатып әперді. Бақытымызға орай, тапқыр полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алды. Полицейдің өзі де бала үшін қатты уайымдағанын айтты, өйткені өзі де төрт баланы тәрбиелеп отыр», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай