Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Анар Жаилғанова қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

2020 жылдың 31 шілде 2020 13:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрбан айт халықтың бірлігі мен қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал ететін шын мәніндегі маңызды мерекеге айналды.

Рухани-адамгершілік қасиеттерді, тарихи дәстүрлер мен ұлттық әдет-ғұрыптарды бейнелейтін Құрбан айт тек мұсылмандарды ғана емес, бүкіл адамзатты мейірімділік, төзімділік пен құрмет көрсетуге шақырады. Адам баласының бақытты әрі мағыналы өмірін тек материалды игіліктер ғана құрамайды. Баянды бақытқа жетуде рухани негіздердің маңызды орын алатыны сөзсіз», - деп жазды Анар Жаилғанова желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, ол биыл коронавирус індетінің таралуына байланысты халықтың денсаулығын сақтау жолында көптеген мейрамдар мен іс-шараларды атап өту тоқтатылғанын жеткізді.

«COVID-19 індеті бізді көптеген дүниелерге жаңа көзқараспен қарауға мәжбүр етті. Осы уақытта бір-бірімізге қамқорлық пен шыдамдылық үлгісін көрсету барынша маңызға ие. Бүгінгі Құрбан айт мерекесі рухани серпілісімізге себепкер болып, әрбір шаңыраққа құт-береке әкелсін» - деп толықтырды А.Жаилғанова.


Жоғары қарай