Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Анамның қалауы еді» – Хабиб Нұрмагомедов спорттан кетті

2020 жылдың 25 қазан 2020 03:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов мансабын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хабиб Нұрмагомедов UFC турниріндегі чемпиондық атағын қорғаған соң мәлімдеме жасады. Спортшы өзінің спорттық мансабын аяқтайтынын жеткізді.

«Бұл менің соңғы жекпе-жегім болды. Маған UFC басшылары қоңырау шалып, Джастинмен төбелесетінімді айтқанда, анаммен үш күн бойы ақылдастым. Ол кісі әкем жоқта төбелескенімді қаламады. Бұл менің соңғы айқасым болатынына уәде бердім. Уәде берген соң оны орындаймын. Бүгін UFC турнирімен қоштасамын», – деді Хабиб.

Сондай-ақ спортшы UFC басшылары мен бапкерлеріне, командаластарына алғысын жеткізді.

«Барлықтарыңызға рахмет! Бір ғана айтарым – жақындарыңыздың жанында болыңыздар!», - деп сөзін аяқтады чемпион.

Еске салсақ, Хабиб Нұрмагомедов қарсыласын екінші раундта жеңді.



Автор Қасқырбай Қойшыманов
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай